четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
7oC
1xadv
×

Шымкентке келген инвесторлар «Оңтүстік» АЭА-ны дамыту мәселелерін талқылады

Шымкент Оңтүстік Қазақстан облысының құрамынан бөлініп, өз алдына дербес республикалық маңызы бар қала статусын алғалы бері шаһардың инвестициялық ахуалын жақсарту мәселесі күн тәртібіне шыққан басты мәселелердің біріне айналды. Өйткені, «миллионер» қала өзін асырауы былай тұрсын, Астана мен Алматы секілді донор-қалаға айналуы тиіс.

Ал, донор-қалаға айналуы үшін өнеркәсіп саласын дамытып, шетелден инвесторларды көптеп тарту қажет. Осы мақсатта бірнеше жыл бұрын құрылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының бүгінгі ахуалы қандай? Мұнда ашылған ондаған кәсіпорын әрі қарай қалай дамиды? Бұл туралы бүгін Шымкентке жиналған арнайы мамандар мен инвесторлар талқылады.

Атап айтсақ, Шымкент қаласында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешевтің, CEO, Investment Consulting Associates, World Free Zones Organization секілді ұйымдардың шетелдік спикерлерінің, Әзербайжан Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Қырғызстан мен Тәжікстан Республикаларынан келген делегациялардың қатысуымен «Ерекше экономикалық аймақтардың әлемдік тәжірибесі» конференциясы өтті.

Конференция барысында шетелдік серіктестер мен қонақтар АЭА резиденттерінің ерекше шарттарымен, сәтті іске асырылған жобалармен танысып, алдағы жоспарлармен және даму тәжірибесімен бөлісті.

Kazakh Invest басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев өзінің алғы сөзінде аталған шараны өткізудің негізгі міндеттері мен мақсаттары жөнінде айтып берді. «Бүгінгі өткізіліп жатқан шара «Оңтүстік» АЭА басқарушы компаниясының, АЭА резиденттерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ әлеуетті отандық және шетелдік инвесторлардың тікелей келіссөздер жүргізуіне арналған алаң, бұл өз кезегінде еліміздегі арнайы экономикалық аймақтардың қызметін жетілдіруді жалғастыруға мүмкіндік береді», — деді.

Еске сала кетейік, өңірлердің қарқынды дамуын жандандыру, технологиялар, инвестициялар тарту, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру мақсатында 11 арнайы экономикалық аймақ құрылды.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құрудағы мақсат – текстиль өндірісін дамыту мен оның бәсекеге қабілеттігін арттыру, отандық мақтаны тұтыну көлемін арттыру мен жоғары құнды дайын текстиль өнімдерін шығару болып табылады. АЭА аумағы – 200 гектар жерді алып жатыр. «Оңтүстік» АЭА дамыту мақсатында республикалық бюджет есебінен 8,2 млрд теңгеге инфрақұрылым жүргізілді. Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 27,8 млрд теңгенің 10 жобасы жүзеге асуда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0