суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Шымкенттік кәсіпкер жеңілдікпен несие алып, кофе өндірісін жолға қойды

Иә, кофе Қазақстанда өспейді. Алайда, кофе өнімдерін өндіру үшін бұл фактор кедергі бола алмайды. Қазіргі технология дамыған заманда шикізатқа қол жеткізу аса қиын шаруа емес. Шымкенттік Олимжан Убайдуллаев осы сөзімізге дәлел бола алады. Кәсібін шағын бизнестен бастаған ол бүгінде мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, дайын кофе өндірісін жолға қойды.

Атап айтқанда, Шымкентте жылдам еритін, қант пен құрғақ сүті араласқан кофе жасайтын кәсіпорын ашылды. Тынымсыз тіршілік, үнемі асығып, уақыт үнемдегісі келіп жүретін жұрт тез еритін кофенің сұранысын арттырып отыр.

13 жыл түріктің кофе мен шай өндірісі фирмасында жұмыс істеп, тәжірибе жинаған Олимжан Убайдуллаев өз ісін бастауға осыдан бірер жыл бұрын бел буыпты. Өзі істеген кәсіпорынның өнімдеріне ұқсас кофе шығару мақсатында «Даму» қорының Шымкенттегі Кәсіпкерлікті қолдау орталығының көмегіне жүгінді.

Жұртшылық арасында 3х1 аталып кеткен кофенің құрамы тек 3 компоненттен тұрады деп ойлайтынымыз рас. Яғни, кішкене қалташада кофе, қант және құрғақ сүт болады. Алайда бұл үшеуінен бөлек кофеге тағы 5-7 компонент қосылады. Соның арқасында кофе бәрімізге белгілі керемет дәм-татымға ие.

Сондықтан, кәсіпкер шикізат таңдауға мұқият көңіл бөлді. Көптеген кофе экспорттаушы елдердің арасында таңдауы Индонезияның шикізатына түсті. Себебі бұл ел өнімдерінің Халал сертификаты бар.

Кәсіпкер «Ордабасы» индустриалды аймағынан орын жалға алып, түріктің қаптама техникасын сатып алып, қызметкерлер жинап, өндірісін бастап кетті. Бұл кәсіпорында 1 айда 5 тонна өнім немесе 200 мың дана үш те бір кофе өндіріледі. Тауар Шымкент, Алматы, Қызылорда және Тараз қалаларында өткізіледі.

Шымкент қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Еңбек» бағдарламасы аясында 6 пайыздық жеңілдетілген несие туралы ақпарат алып, осы бағдарлама аясында өндіріс көлемін ұлғайтуға шешім қабылдады.

Осылайша, 2018 жылдың сәуірінде айналым қаражатын толықтыру үшін 18,0 млн. теңге несиені «Сбербанк России» АҚ ЕБ мақұлдады.

Несие қаражатын алғаннан кейін компания шикізатты сатып алып, өнім көлемін 2 есе ұлғайтты. Қазіргі таңда айына 10,0 мың тонна кофе қалташасы өндіріледі. Алғашқы партия Қарағанды қаласына жөнелтілді. Кәсіпкер өнім көлемін ұлғайту, клиенттер санын кеңейту, сондай-ақ шай өндіруге арналған жаңа өндіріс түрін іске қосуды жоспарлап отыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0