четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
-1oC
1xadv
×

Шымкенттік мұғалім мектепті қойып, кәсіппен айналысуда

Шымкенттік кәсіпкер Сержан Серікбаев «Іскерлік байланыстар» бағдарламасы аясында арнайы іріктеуден өтіп, Германияда тәжірибе жинап келді. Осынау сапары оның бизнеске деген көзқарасын түбегейлі өзгерткен.

Сержанның негізгі мамандығы дене тәрбиесі мұғалімі, көп жылдар бұрын мектептен кетіп, «Рахат» зауытының өнімдерін саудалаған. Бірақ өткен жылы ол өзінің «Бал Тохаш» компаниясын ашып, кондитерлік өнімдерді шығара бастады. Кәсіпкер нарықтың осы саласында бәсекелестік жоғары екенін түсініп, ерекшелену қажет екендігін ойлайды.

Сержан Серікбаев өзі мойындағанындай, «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуға оны компаниясын модернизациялауға және заманауи жабдықтарды сатып алуға деген ұмтылысы итермелеген. Алғашында кәсіпкер оқудың бірінші кезеңінен өтіп, содан кейін неміс тарапының шақыруымен құрамында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елінен 20 адамнан тұратын қатысушылар Германияға тәжрибеден өтуге аттанды. Кельн қаласында олар бір ай бойы жетекші неміс компанияларының тәжірибесімен танысты.

«Біз 70-150 жылдық тарихы бар неміс зауыттарында болдық. Мен сүт өнімдерін өндіруге арналған жабдықты өндіретін Trubatec GmbH компаниясы өндірістің тиімділігіне таң қалдым. Үлкен фабрикада бәрі автоматтандырылған, онда тек бірнеше жұмысшы ғана бар», - дейді шымкенттік кәсіпкер.

Сержан Серікбаевтың өзіне ашқан алғашқы жаңалығының бірі – бұл жабдықты дұрыс орналастыру.

«Өндірістің тиімділігі жабдықтың қалай орналастырылғанына байланысты. Онда неміс зауыттарында өндірістік алаңдар арасында қажетсіз ағымдар жоқ, бұл да уақытты талап етеді. Енді мен станоктарды дұрыс орналастыру және жұмыс орнын қалай жабдықтау керектігін білемін», – дейді кәсіпкер.

Қазір ол өз компаниясының көбінесе бұзылып, істен шығатын, салдарынан жұмысшылары өнімдерді қолдан пісіруге мәжбүр болатын қытайлық жабдықтарда жұмыс істемейтініне сенімді. Бұл өндіріс көлеміне әсер етеді. Сержан Ресейде құрастырылатын неміс жабдықтарын сатып алуды жоспарлап отыр, ол бұл туралы тәжірибеден өту кезінде жеке кездесулерде келіскен.

Оның айтуынша, неміс өндірушілері өздері өндірген жабдықтарды үнемі қадағалап, олардың жұмысына кепілдік береді екен.

«Мен бизнесті басқа жолмен құру керек екенін түсіндім – жақсы технологиямен жұмыс істеу керек. Бірінші кезекте мен болашақта өнімнің және персоналдың сапасын жоғарылатып, бұрынғыға қарағанда мүлдем өзгеше қағидаттар бойынша таңдайтын боламын. Бұл бізге Германияда оқу кезінде де үйретілді», – деді Сержан Серікбаев.

Кәсіпкердің пікірінше, «Іскерлік байланыстар» бағдарламасына қатысудың басты пайдасы – бизнеске деген көзқарасын түбегейлі өзгертіп, ой-өрісін кеңейту. Қазір Сержан басқа кәсіпкерлерге бизнес жүргізудің шетелдік тәжірибесін өз көздерімен көріп, бұның ақпараттылығын, тиімді және қызықты, сонымен қатар, белгілі бір пайдалы байланыстар орнату мүмкіндіктерін айтып шақыруда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0