суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
13oC
1xadv
×

Киелі жерлер тізіміне енген Атыраудың жауһарлары тағы толығуы мүмкін

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында Біртұтас ұлт болу үшін қоғамдық сананы жаңғырту, ол үшін халық санасына жалпыұлттық құндылықтарды тереңдету қажеттігін көрсеткен болатын.

Осы мақсатта елімізде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жасалды. Бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында Ұлттық музей жанынан республикалық «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы құрылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар Атырау облысында да қарқынды жүзеге асырылуда.

Осы орайда «Ұлы дала елінің қасиетті мұрасы» республикалық акциясы Атырауда өз жалғасын тауып, тарихшылардың оң бағасын алып жатыр.

Жуырда эстафета тізгінін атыраулықтар жеті хан жерленген Сарайшықта Маңғыстау облысынан қабылдап алды. Осыдан кейін арнайы экспедиция киелі жерлер картасына енген жеті нысанды аралап, кеңірек танысу үшін жолға шыққан болатын.

Саяхат Сапар Индер ауданынан басталған еді. Экспедицияны аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қарсы алды.

«Биыл ауданның құрылғанына 90 жыл толады. Осы орайда көптеген игі істерді жүзеге асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, халық арасында «Димаштөбе» аталып кеткен жерге ескерткіш орнатылмақ. Индерден Қызылқоғаға апаратын жол келесі жылы күрделі жөндеуден өткізіледі. Қазір жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Бұл жол Димаштөбеге бұрылып, Тұздыкөлдің қасынан өтетін болады. Сондай-ақ, 25 адамнан экспедициялық топ құрылып, бес маршрут бағыты белгіленді. Осылайша, тамызда Бөкей Ордасының орнына бару жоспарланып отыр», — деді өз сөзінде ол.

Атырауда Ақмешіт, Ұшқан және Құлшан ата қорымдары, Иманғара-Қойғара үңгірі, Махамбет Өтемісұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Малайсары би мәңгілік тыныстаған қасиетті орындар бар. Оларға баса маңыз берілуде. Оның үстіне, биыл Махамбеттің туылғанына – 215, Мұрат Мөңкеұлының туғанына – 175 жыл толып отыр.  Бүгінде олардың атында республикалық оқулар мен мүшәйралар өткізу игі дәстүрге айналған.

«Киелі жерлер тізіміне енген Атыраудың жауһарлары тағы толығуы мүмкін, – дейді өлкетанушы Аманғали Әміржанұлы – Өйткені, ел тарихындағы елеулі оқиғаларды жас ұрпақ санасына сіңіруіміз қажет. Сонда ғана ұлы дала мұрасын кейінгі толқын келешек ұрпаққа жеткізеді».

Ал, «Светоч» славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Биткова ауылдың алтын бесік екенін жастарға ұғындырып, киелі жерлерді көзбен көрулеріне мүмкіндік жасау қажет деп есептейді.

Қазақ халқының ұлттық сана­сының ерекшелігі – туып-өскен жері, өнген ортасын кие тұтып, оның қадір-қасиетін бағалауымен құнды. Аталарымыз «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың» деп бекер айтпаған. Туған жер мен елдің халық санасына сіңген ру­хани құндылығының ұлт­тың қалыптасуында, дамуында айрықша рөлі бар. Елбасы тап­сыр­ған дүниелер бұған дейін қ­асиетті нысан ретінде ғылыми сарап­талып, жүйеленбеген-тін. Біз осы шаруаны реттеп, жал­пы­халықтық құндылық ретінде қарастыруды қолға алып жатырмыз. Бұл жұмыстың рухани маңызына тоқталар болсақ, бірін­шіден, киелі, қасиетті ны­сан­дар біздің ұлтты рухани жұтаң­дықтан сақтайтын символдық қал­қанымыз және ұлттық мақ­танышымыздың қайнар бұлағы деп түсінген дұрыс.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0