пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Атыраулық оқушылар Астана мен Алматыда демалады

25 шілдеде темір жол вокзалынан Астана қаласына балалардың алғашқы тобынан 100 бала аттанды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Менің Отаным Қазақстан» жобасы аясындағы үш күндік экскурсия Алматы және Астана қалаларында өтеді. Ұйымдастырушылар - Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы.

Экскурсия аз қамтылған отбасылардың балалары және облыстағы үздік оқушыларға арналған. Үш күндік демалысты жергілікті бюджет қаржыландырады.

«Жалпы саны 250 оқушы шілде-тамыз айлары аралығында еліміздің ірі қалаларында жазғы демалысын өткізеді. Астанадағы 3 күнде балалар тариxи-мәдени орындармен, ЭКСПО көрмесімен, кітапxана, мұражайлармен танысады»,— дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының туризмді дамыту бөлімінің бас маманы Алмас Купжанов.

Балалардың қауіпсіздігі үшін жетекші ұстаздар мен медицина мамандары бірге барады.

Айта кету керек, Атырау облысында оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін барлық жағдай жасалуда. Ағымдағы жылдың 16-маусымында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 40 бала Италияның Чезенатико қаласында орналасқан жазғы демалыс орнына барып, 2 апта демалып қайтқан болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0