пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Атыраулық бір топ аналар Құрманғазы тыныстап жатқан мекенге саяхат жасады

20 шілде күні Атырау облыстық ҚХА, Атырау облысы әкімі жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі мен аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 195, ауданның 90 жылдық мерейтойына орай бір топ аналар Астрахань облысы, Володар ауданы, Алтынжар селосындағы күй атасы Құрманғазы бабамыз мәңгі тыныстап жатқан мекенге саяхат жасады.

Топ құрамында аталмыш кеңес мүшелері, еңбек ардагерлерібен олардың лайықты ізін жалғастырған бүгінгі буын өкілдері бар.

Алтынжар ауылы аудан орталығы Красный Ярдан 60 шақырым оңтүстік-шығысында орналасқан. Әлемге әйгілі күй бабасы кесенесінің іргесіндегі мұражай директоры Әния Макабаева, Құрманғазы атындағы мәдени орталықтың жетекші менеджері Татьяна Еременко Қазақ елінін келген қонақтарды жылы қарсыалып, бабамыздың кесенісінде және мұражайына экскурсия жасады.

Мұражай директоры Құрманғазы бабаның мекенжайы болған Сахма ауылының сипатына тоқталып, кесененің тұрғызылу сәттеріндегі қиыншылықтар мен қол жеткен жетістіктерді саралады. Құрылыс шеберлерін де әңгімесінен тыс қалдырмады. Әния Макабаева арқалы да аруақты жанға Қазақстан жерлерінен келетін ағайындардан басқа соңғы уақыттарда шетелдік туристердің қызығушылығы жоғары екенін мақтанышпен жеткізді.

Экскурсия, күйшінің атындағы мәдени орталығындағы концертпен жалғасты. Шарада түрлі ұлт киімдерін киіп сәнденген орталықтың әртістері қонақтарға қош келдіңін айтып, қонақжайлықтарын білдіріп нан мен тұздан, сары бауырсақтан дәм ұсынды. Әния Мұстафақызы мұражай жәдігерлерімен таныстырып, күй атасы Құрманғазы өмірдеректерінің беймәлім тұстарын да ашып көрсетті. Әсіресе, бабамыздың туған жері Жиделі ауылының келбеті, киіз үйдегі қазақы тұрмыстық дүниеліктер көрінісі сәтті жасақталған.

Сонымен қатар, Қазақ еліне еңбегі сіңген қайраткерлерге арналған ілмелерді, атақты адамдардың мұражайға сыйға тартқан бұйымдарын, ұлтымыздың зиялы азаматтарының, Елбасының әр сапардағы суреттерін тамашалады. Топтың бастаушысы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова ұлы сазгердің ғибратты өмірінен сыр шертетін осындағы құнды жәдігерлер мен тарихи деректерді Қазақстанда республикалық деңгейде насихаттаудың маңыздылығын жеткізді. Топ құрамындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры Бақыт Ғабдоловаға бірлесіп жүзеге асыратын жұмыстардың нақты идеяларын алға тартты. Мұражайдың ұсыныс-пікірлер кітабына аналар атынан ризашылық білдіріп, қолтаңбаларды қалдырды. Орталық алаңындағы этноауылға топ бас сұғып, қонақ үй мен өнерпаздар сахнасын аралады.

Амангелді Әбілғазиев қонақтарды қазақ және орыс ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары әзірленген дастархан басына шақырып, қош келдіңін айтты.

«Құрманғазы атындағы аймақтық мәдени орталық - Ресей-Қазақстан достығының айшықты белгісі. Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанның Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Ресейдің Астрахан облысы бірлесіп салған бұл кешенді орын қазақ мәдениетінің ошағына және Еділ бойы мен Каспий өңірінің мәдени мұрасын зерттеп, насихаттау орталығына айналды. Бүгінде бізге келетін қонақтарға туристік және мәдени бағытта тынбай қызмет көрсетеміз. Саяхаттаған жандарға қонақ үйіміз әзір. Ресей жерінде өтетін түрлі мәдени шараларға осы орталықтың өнерпаздары қазақтың қара домбырасымен қатысып, түрлі сайыстарда топ жарып келеді. Бұл орталықтың базасында болып жүрген барлық мәдени өтілімдер дәстүрлі ұлттық құндылықты, өнерді насихаттауға, дамытуға бағытталған», — деп мәдени кешеннің директоры Амангелді Әбілғазиев аналарға саяхат жасап келгендері үшін зор ризашылығын білдірді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0