+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
03.08.2018 в 20:02

Қызылорда облысында Президенттің бес әлеуметтік бастамасының іске асырылу барысы талқыланды

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов бастаған делегация Қызылорда облысына іс-сапармен келді.

Іс-сапар барысында кеңес төрағасы аймақтағы әлеуметтік және өнеркәсіптік обьектілердің жұмысымен танысып, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бойынша кездесуге қатысты.

Бақытжан Жұмағұлов Сырдария өзенінің сол жағалауындағы «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясындағы тұрғын үй құрылысы жұмыстарымен танысты. Еске сала кетейік, ағымдағы жылы Қызылорда облысында «Орда»  тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған жол картасы шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолжетімді баспанамен қамту жоспарлануда.

Осылайша, кезектегі адамдарға Сырдарияның сол жағалауынан сатып алуға қолжетімді 14 көпқабатты үйдің құрылысы басталды. Атап өтейік, облыста тұрғын үй кезегінде 27 мың адам, соның ішінде Қызылорда қаласының 23 мың тұрғыны бар.

Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің төрағасы 2017 жылдың қарашасында басталған «Қараөзек» жоғары технологиялық газды компрессорлық станциясының құрылысы барысымен және осы жылдың сәуір айында «Шағын несие беруді көбейту» төртінші бастамасы аясында ашылған «Q-med» клиникасының жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, Бақытжан Жұмағұлов үш айлық курстарда 3 және 4 санатты газ дәнекерлеушілері білім алатын «Электротехнология» ЖШС оқу орталығы мен «Болашақ» университетінде де  болды.

Достық үйінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың, республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Бақытжан Жұмағұловтың, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғановтың, тиісті мемлекеттік органдар өкілдерінің, саяси партия және қоғам белсенділерінің қатысуымен Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын Қызылорда облысында жүзеге асыру бойынша кеңес болып өтті.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысы тапсырмасының аймақта іске асу барысы туралы баяндама жасады. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен микрокредиттер санының ұлғаюы арқылы  ағымдағы жылдың 6 айының ішінде өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз 97538 адамның 27 мыңнан астамы жұмысқа орналастырылды.

«2018 жылдың басында облыста өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз 97538 адам анықталды. 2018 жылдың 6 айында 7000-нан астам адамды жаңа жұмыс орындарына орналастырып, 20400-ден аса жұмыссызды өнімді жұмыспен қамтып, 20 мың азаматтың қызметін заңдастырып, оның 17 мыңға жуығы жұмыс берушілермен еңбек келісімшартын жасады. 3000-ға жуығы мемлекеттік кіріс органдарына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, заңды түрде кәсіптерін бастады»,— деді облыс әкімі.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақзира Қасымова өңірдегі жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту және студенттік жатақханалар жағдайын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Мәселен, Сырдарияның сол жағалауында мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде «Болашақ» университетінің қазіргі студенттік кампусының құрылысы жүргізілуде.

5 әлеуметтік бастаманы іске асыру туралы орталық атқарушы органдардың басшылары жоспарланған іс-шаралар шеңберіндегі жаңа мүмкіндіктер туралы баяндады.

Кездесуді қорытындылай келе, әлеуметтік бастамаларды іске асыру жөніндегі кеңестің төрағасы Бақытжан Жұмағұлов өңірде атқарылған жұмыстарды жоғары бағалады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика