четверг, 28 ноября 2024 г.
icon
498.55
icon
524.28
icon
4.75
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-7oC
×

Шымкентте шағын несие алғандардың қатары артуда

Елімізде шағын және орта бизнес өкілдеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсету шаралары жалғасуда. Еңбек етіп, кәсібін ашамын деушілерге төмен пайызда несие немесе стартап ойлап тапқандарға түрлі стипендиялар мен гранттар бар.

Шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуді жандандыруды Мемлекет басшысы өзінің «Бес әлеуметтік бастамасында» ерекше атап өткен болатын. Яғни, ел экономикасын тіктеу үшін дәл осы кәсіпкерлікке дем беру қажет деді Елбасы. Сондықтан, жаңадан бизнес бастаған кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп, жеңілдетілген несие беру ісі жалғаса беретін болады.

Президент тапсырмасы бойынша қазіргі таңда Шымкентте нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытын іске асыру аясында атқарылып жатқан игі істер аз емес.

Шымкенттегі Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, шағын кәсіпті дамыту бойынша қалада 2018 жылдың қаңтар айынан бері, яғни жыл басынан қазірге дейін 290 адамға сертификат берілген. Оның ішінде 64 азамат кәсібін дамытып, өркендету үшін 829 млн теңге көлемінде микронесие алған. Оларды атап айтсақ,

- 11% немесе 7 азамат (ірі мал бордақылау)

- 47% немесе 30 азамат (қызмет көрсету саласы)

- 17% немесе 11 азамат (өнеркәсіп)

- 3% немесе 2 азамат (білім)

- 20,5% немесе 13 азамат (сауда-саттық)

- 1,5% немесе 1 азамат (құрылыс).

Еске сала кетсек, Президенттің бес әлеуметтік бастамасының бірі «Шағын несие беруді көбейту» деп аталады. Онда өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындар арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдетілген шағын несие беріледі.

2018 жылы Елбасы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жететін болады.

Айта кетейік, осыдан бір айдай бұрын Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қаладағы кәсіпкер әйелдердің саны артқанын, оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың жалғаса беретінін айтқан болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0