пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
3oC
1xadv
×

«Қазақтану» жобасы Атырау облысында оң нәтижесін көрсетуде

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының өткенімізге оралып, рухани көкжиегімізді кеңейтуде рөлі жоғары. Сондай-ақ, бұл бағдарлама елімізде көптеген ауқымды жобалардың бастау алуына түрткі болды. Солардың бірі әлі де көп ешкім естіп-біле қоймаған – «Қазақтану» жобасы.

«Қазақтану» жобасының негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында барша қазақстандықтың ортақ мәдени коды, біртұтас құндылықтары мен жалпыұлттық тарихи санасы негізінде халықтың бірлігін нығайту. Сонымен қатар, этностар арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік принциптерін дәріптеуге басымдық беру.

Еліміздің зиялы қауым өкілдері «Қазақтану» жобасының ұлт тұтастығына, ел бірлігіне апаратын қадам екенін айтуда. Солардың бірі «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Берік Әбдіғали бұл жобаның мән-мақсаты жайлы пікірін білдірген.

«Қазақстандағы тұрақтылық мемлекет құраушы ұлтқа, яғни, қазаққа тікелей байланысты. Өйткені, бүгінде басқа ұлттар қазақты терең танып, тілін білсе, қазақ дүниетанымын, тарихын оқып білетін болса, ол халықты біріктіреді. Біздің қоғамдағы қарама-қайшылықтың көбісі ең бірінші қазақ тілі мен тарихын, қазақтың мінезі мен сана-сезімін, мәдениетін білмегендіктен туындап жатады. Шын мәнінде біз мемлекет құрушы ұлт, халықтың көпшілігі болғандықтан, ұлтымыздың асылын жұртқа танытудың маңызы жоғары. Сондықтан, «Қазақтану» жобасы – өзге ұлт өкілдері мен қазақтың арасын жақындату, бір ұлтты кеңірек тану тақырыбындағы көлемді жұмыс. Әрине, Қазақстандағы этностар мен қазақтар өзара танысып, бір-бірінің тарихта жүріп өткен жолына қанығып, татулық пен бірлікте өмір сүрсе, елде үнемі тұрақтылық болмақ. Бір-бірін тану, түсінуге ұмтылудың өзі халықты жақындастырады. Қазақтың ұлттық құндылығын, дәстүрін насихаттау, киелі жерлер арқылы қазақты тануға қызығушылық тудыру – «Қазақтану» жобасының негізі. Сондықтан да біз осы жобаны толықтай қолдап отырмыз», – дейді ол.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Леонид Прокопенко да аймаққа сапары барысында бұл жобаны биылғы жылдың тың жаңалығының бірі ретінде таныстырған болатын.

Жоба аясында жер-жерде лекторийлер мен семинарлар, форумдар ұйымдастырылмақ. Мәселен, мемлекеттік тілді жеделдете оқытуға арналған қазақ тілінің қалыптасу тарихы мен ерекшеліктері бойынша дәрістер курсын өткізу жоспарланған. Ассамблеяның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы аясында қазақ мәдениетінің, ғылымы мен өнерінің жарқын өкілдері туралы сабақтар, тақырыптық сынып сағаттарын өткізу де көзделген. Достық үйлері жанынан «Мұрагерлер-сақтаушылар-жасампаздар» бағдарламасын әзірлеу, «Ұлы дала елінің киелі мұралары» тарихи-экологиялық акциясын жүзеге асыру да жоба негізінде атқарылар істің бірі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0