Облыстық жобалық кеңсе аясында «Ля-ля-фа» балалар мюзикл студиясының «Таусылмасын ертегім» атты қойылымының премьерасы Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында өтті.
Қойылымда барлығы 54 кейіпкер болса, оның 41-і мектеп оқушылары қатысты. Атап айтқанда, «Сыр сандуғаштары» балалар вокалды тобы, «Балбұлақ» би тобы-жетекшісі, Қызылорда қалалық оқу-әдістемелік орталығының би үйірмесі, № 140 орта мектептің «Ай-Ару» би үйірмесі- жетекшісі, «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылы өнерпаздары мен Қызылорда облыстық филармониясының «Әдемі» балалар музыкалық театр студиясының әртістері, «Томирис» би ансамблі өнер көрсетті
Оқиға желісі бойынша Аңқаубек пен Пысықбек ертекшінің тапсырмасын орындап балаларға әдемі ертегі дайындап келу керек болатын. Олар болса сиқырлы тяқшаларына сеніп дайындалмай келеді. Бұл келеңсіздікті түзету үшін ертекші балалардың ең асқақ арманын орындауға уәде береді. Балалардың қиялын оқи бастаған ертекші, бір балақайдың «Мәңгілік елдің» «Бақытты балалық алаңын» салуды армандап отырғанын біліп қояды. Бұндай асқақ арманды орындамасқа болмайтынын білген ертекші балаларды көмекке шақырады. Ертекшінің айтуынша бұл алаңды салу үшін ең алдымен Дәрумен ағашын әкеліп, отырғызу керек екен. Осылайша шытырман оқиғаға толы, ерліктерге бастаған ертегі басталып кетеді.
Сценарий авторы «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Т. Бекарыстанов, қоюшы режиссері «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері О.Нұрмаханов екен.