четверг, 21 ноября 2024 г.
icon
495.2
icon
522.34
icon
4.94
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
-0oC
×

АИТВ-инфекциясын алдын алу және ауру деңгейін төмендету үшін денсаулығымызға жауапты болуымыз керек

Бүкіләлемдік экономикалық форумның қорытындысы бойынша Қазақстан АИТВ-инфекциясының таралуы төмен елдердің тобына кіреді: жалпы тұрғындардың арасында 0,1% жоғары емес және репродуктивті және еңбекке қабілетті тұрғындардың категориясына жататын 15-49 жас арасындағы таралуы 0,2% деңгейінен төмен. АИТВ барлық жағдайларының 90%-ы осы жас аралығындағы топқа тиісті.

АИТВ эпидемиясы 30 жыл бойында жалғасып келеді. Жыл сайын әлемде шамамен 2 миллионға АИТВ жаңа жағдайлары тіркеледі, 1 миллионнан астам адам АИТВ-мен байланысты себептен қайтыс болады.

Біздің елде АИТВ-инфекциясын дер кезінде белсенді анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде АИТВ-инфекциясының таралуына ықпал ететін мінез-құлықтық қауіп факторлары бар осал топтары (инъекциялық есірткілерді тұтынушылар, бей-берекет жыныстық қатынастар, коммерциялық секспен қызметін көрсетушілер) арасында.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымның (ДДҰ) ұсыныстарына сәйкес 2020 жылға қарай АИТВ-инфекциясының диагностикаланған жағдайлары 90% құрауы қажет. АИТВ-ның ерте диагностикалаудың жоғарғы практикалық маңызы бар – АИТВ жұқтырған пациент ертерек медициналық бақылауға алынса, оның денсаулығы мен өмірін сақтап қалудың мүмкіндіктері жоғары. Сол үшін де Астана қаласының әкімдігімен АИТВ-инфекциясын диагностикалаудың қаржысы ұлғайтылған, 2018 жылдың 9 айы ішінде қаланың 20% жуық тұрғыны зерттеуден өтсе, ДДСҰ ұсынысы бойынша жыл сайын кемінде 10% АИТВ-инфекциясына зерттеуден өтуі қажет.

Біздің қаламызда 1997 жылдан бастап тұрғындардың әртүрлі топтары үшін алдын алу іс-шараларының жалпы кешені жүргізіледі. Осының арқасында, тәуекел топтары арасындағы динамикада АИТВ-инфекциясын анықтау жиілігінің азайғандығы байқалады. АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ерекшеліктеріне байланысты, 25-40 жас арасындағы қарапайым халық арасында жыныстық жолмен жұқтыру орын алған жағдайлар жиі тіркелуде.

Алдын алу шаралары тұрғындардың осал топтары арасында, жалпы халық арасында, оның ішінде ұйымдасқан жастар арасында жүргізіледі. Алдын алу жұмыстарын жүргізу кезіндегі негізгі екпін ведомство аралық ынтымақтастықтарға, ҮЕҰ мен жастар орталықтары (СӨС) ресурстарын тартуға бағытталады. Себебі осындай сырқаттың алдын алу жастардың денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді, оның ішінде ең маңыздысы өзінің денсаулығына деген қарам-қатынас пен салауатты өмір салтының мінез-құлқын өзгертуге бағытталған, тұрғындарды хабарландырудың әртүрлі әдістерін қолдану болып табылады.

Жастар АИТВ жұқтыру бойынша әрқашан тәуекел тобына кіреді. АИТВ эпидемиясының даму тарихында «АИТВ-жастар ауруы» деген түсінік қалыптасты.

Жастардың жыныстық қатыстағы сауаттылықтарының азды, олардың практикасындағы бей-берекет жыныстық қатынастардың болуы аталған топты АИТВ жұқтыратын топтар ішінде ең осал топ ретінде көрсетеді. Тек қана осы жылдың 9 айында, Астана қаласында АИТВ барлық жағдайының 29,4% 20-29 жас және 37,4% 30-39 жас аралығында тіркелген, жұқтырғандардың 78% кездейсоқ және коммерциялық жыныстық қатынасқа түскендер, жұқтырғандардың 6% өздері коммерциялық жыныстық қатынас қызметін көрсеткендер. Олардың бойындағы АИТВ анықтағанға дейін осы адамдар қанша адамдарға жұқтырғандығын елестетудің өзі қиын.

АИТВ жыныстық жолмен таралуының өсуі АИТВ инфекциясын жұқтырған әйелдер санының өсуі мен олардан туған АИТВ жұқпасын жұқтырған балалар санының өсуіне алып келеді. Осыған байланысты АИТВ эпидемиясымен күресудің маңызды бағыттарының бірі, АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу болып табылады. Балалар арасындағы АИТВ алдын алу мақсатында, барлық жүкті әйелдер жүктілік кезінде АИТВ қарсы екі мәрте тестілеуден өтулері қажет. Тест нәтижесі оң болған жағдайдың өзінде, АИТВ дер кезінде арнайы алдын алу дәрілерді қабылдаған жағдайда, АИТВ жұқтыруды 40% дан 2-5% дейін төмендетуге болады. Осының арқасында, АИТВ жұқпасын жұқтырған әйелдер жиі жүктілікті сақтап қалу туралы шешім қабылдайды және олардың дені сау сәби туу мүмкіндіктері бар.

АИТВ таралу мәселесі күрделі де кешенді мәселе болып табылады. Бір мәселені шеше отырып, сырқаттың нашарлауына мүмкіндік беретін екінші мәселені де ұмытпау қажет. Бұл жерде пациенттердің жауапкершілігі де маңызды мәнге ие. Өкінішке орай, олардың арасында медициналық бақылау мен емнен қашып жүрген тұлғалар да бар, осындай азаматтармен жұмыс жасау, оның ішінде қарапайым әңгімелесу мен жауапкершілікке тартуды тоқтатпау қажет. Себебі дәл осы топ АИТВ инфекциясың таралуында қосымша қауіп төндіреді.

Өздеріңіз көріп отырғандай 30 жылдық тарихы бар АИТВ мәселесінің өзектілігі төмендеген жоқ, керісінше бірлесіп шешуді қажет ететін жаңа проблемалар мен мәселелер туындауда. АИТВ проблемасы тек қана денсаулық сақтау ұйымдар мен медициналық қызметкерлердің күшімен ғана шешу керек деген түсінік қате пікір. Аталған жағдайда шешім мен жауапкершілік қоғамның барлық мүшелеріне бөлінуі қажет.

Осылайша, АИТВ-инфекциясының эпидемиясына қарсы тұрудың алдыңғы кезектегі тапсырмаларының бірі, ең алдымен эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ішінде тұрғандардың осал тобы арасында АИТВ-ны белсенді анықтау, сырқаттың соңғы кезеңіндегі тұлғаларды анықтауды төмендету, халық мен жастар арасындағы алдын алу жұмыстарының тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Басқа баламалары жоқ.

Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0