пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
21oC
1xadv
×

Шымкенттік жас кәсіпкерлер зияткерлік сайыста бақ сынауда

Шымкентте жас кәсіпкерлерге арналған «Парасат майданы» зияткерлік байқауы басталды.

Іс-шараны Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Geneva Business School» халықаралық білім беру ұйымы ұйымдастырып отыр. Енді алдағы үш айда шаһардағы бизнес өкілдерінің тапқырлары өзара мықтыны «Парасат майданында» анықтамақ.

Ауқымды жобаның алғашқы айналымына 40-тан астам кәсіп иесі жиналды. Топқа бөлінген бизнесмендер білімдерін ортаға салып, келесі айналымға өтудің әрекетін жасады.

«Сайыстың мақсаты – қаладағы ірі кәсіпорын басшылары мен кәсібін енді бастап жатқан жастардың басын қосу. Сол арқылы білім алаңына жиналған кәсіпкерлерді бейресми форматтағы кездесуде жарыстыру, – дейді басқарма басшысы Жандос Қалтаев. – Жоба, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік өкілдерінің әріптестігін нығайтуға, қатысушыларға дүниетанымын кеңейту, білімін сынға салу және жаңа достар табу мүмкіндігін сыйлауға бағытталған. Жақында ғана Елбасы қаламызға келіп, халықаралық білім ордаларының филиалдарын үшінші мегаполисте ашу және оған мүмкіндік жасау керек деп тапсырма берген болатын. Ал «Geneva Business School» халықаралық білім беру ұйымы оның мүмкін екенін дәлелдеу үшін алғашқы қадам ретінде осындай зияткерлік сайысын өткізуді сұрады. Біз оған қолдау білдіріп отырмыз».

«Парасат майданы» сайысы 5 кезеңнен тұрады. Сайыстың шарты бойынша қатысушы топтар алғашқы екі кезеңде логикалық сұрақтарға тез әрі нақты жауап беру керек болса, үшінші сында суреттердің мәнін ашуы тиіс. Төртінші кезеңде кәсіпкерлер күрделі 7 сұраққа мүдірместен жауап берсе, соңғы турда ең қиын 5 сауалдың шешімін табу керек еді. Осылайша 7 топ та өздерінің осал емес екендерін дәлелдеді. Ал байқауда жалпы ұпай саны бойынша алғашқы орындардан көрінген 2 топқа Тәуелсіздік күні қарсаңында өтетін ақтық сынға жолдама және жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0