Шымкентте Блокчейн технологиясын бизнес саласында пайдалану әдістері туралы айтылды
Бүгін екінші күн қатарынан Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында «QDigitalInform» семинары өтті. Шараны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қоры ұйымдастырды.
Семинар қазақ тілді БАҚ-ты ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында жастардың, мемлекеттік қызметкерлер мен қызығушылық білдірген тұлғалардың қатысуымен өтті.
Отандастарымыздың кибер кеңістікте қандай бағытта және қандай екпінмен орын алатыны туралы Шымкент қаласы бойынша ақпараттық-технологиялық орталығының Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының маманы Ерқұлан Бармағанбетов баяндап берді. Блокчейн технологиясын криптовалюта айналымында ғана қолданбай, сонымен қатар мемлекеттік басқару мен бизнес саласында пайдалану әдістері туралы жүйелік-техникалық қызмет көрсету басқармасының бас инженері Маржан Сәбден айта кетті.
«Қазақстанның барлық заманауи ұйымдарында ақпаратты басқарудағы, алмастыру мен сақтаудағы маңызды рөлді электронды құжат айналымы жүйесі атқарады. Барлық деңгейдегі мемлекеттік басқарудың жан-жақты ашықтығы мен бақылауын қалыптастырудағы маңызды фактор болып табылады. Бірінші кезекте бұл ақпарат жастарға, сонымен қатар, салалық мамандар мен мемлекеттік қызметкерлерге маңызды екенін аңғару қажет. Блокчейн технологиясының кәсіпкерлерге де пайдасы орасан зор, тек оның тетіктерін түсініп, өз істерін жүргізуде оңтайлы пайдаланса болғаны. Қазір білесіздер, барлығы цифрландыру жүйесіне өтіп жатыр, тіпті малды да планшетпен бағатын технологиялар шықты. Осы жаңашылдықтарды отандық бизнесмендер меңгеріп алса, шығынды барынша азайтып, табыстырын ұлғайта алады», — деді Маржан Сәбден.
Айта кету керек, мұндай кездесулер тек Шымкентте ғана емес, Қазақстанның өзге де аймақтарында болып жатыр.
«Осындай семинарлар Астана, Алматы, Павлодар және Шымкент қалаларында өтті. Сонымен қатар, Қызылорда, Орал және Ақтау қалаларының тұрғындарына ұйымдастыру жоспарымыз бар», — деп ұйымдастырушылар ойымен бөлісті.
-
Астанчан напугала ученица, стоявшая в три часа ночи возле школы04.02.2023, 07:46Столичный врач озвучил основные причины рака04.02.2023, 09:15Президент, не торгуясь, купил камчу на выставке в Таразе04.02.2023, 00:10Женщина исчезла по дороге на собеседование04.02.2023, 12:37Прогноз погоды в Казахстане на 4 февраля04.02.2023, 06:00В Астане произошла массовая драка футболистов из Кыргызстана и России04.02.2023, 23:20
-
06:47Жителям Риддера произведен перерасчет за отопление на 63 млн тенге06:00Прогноз погоды в Казахстане на 5 февраля05:34Не появлялась на улице: Пожилую акмолинку с инсультом успели спасти03:15Смерть сотрудников предприятия в Кызылординской области: Возбуждено уголовное дело02:23Из-за дождя и тумана несколько трасс закрыли в Алматинской области01:32Полиция Астаны прокомментировала массовую драку футболистов из России и Кыргызстана00:36Резкое подтопление началось в селах Алматинской и Жамбылской областей