среда, 27 ноября 2024 г.
icon
498.51
icon
522.84
icon
4.81
Алматы:
icon
-0oC
Астана:
icon
-9oC
×

Жастар жылы батысқазақстандықтарға жаңа серпін бермек

Орал трансформатор зауытында жастар көп. Мұндағы қызметкерлердің орташа жасы – 28 жасты құрайды.

«Елбасы таяудағы Жолдауында келер жылды Жастар жылы деп жариялады. Президентіміздің осынау бастамасынан тыс қалмау мақсатында зауытта жастарға қолдау көрсетуді қолға алудамыз. Мәселен, компаниямызда жұмыс істейтін қыз бен жігіт отау құратын болса, оларға зауыт тарапынан 500 мың  теңге жәрдемақы беріледі. Сондай-ақ бұрын зауыт қызметкері сәбилі болғанда 150 мың теңге беретін болсақ,  енді бұл қаражат көлемін 250 мың теңгеге көтерудеміз. Бұл жұмысшылардың әлеуетін арттыру үшін жасалып жатқан шаралар деп білемін. Зауытта жас мамандарды жұмыспен қамту да жақсы жолға қойлған. Оралдағы бірнеше оқу орындарының студенттері дуалдық оқыту жүесі арқылы өндірістік тәжірибеден өтеді. Онымен қоса еңбекақы төленетін де тәжірибеден өтуге мүмкіндік бар. Егер студент  үшінші, төртінші курста өзін жақсы жағынан көрсетсе, ол студентке шеберлер қолдаухат жазады. Келесі курстағы өндірістік тәжірибе кезінде ол студентке жалақы төленеді. Осылайша  болашақта оның  жұмыс орны да дайын тұрады. Әрине барлығы адамның өзіне байланысты. Мансап жолында өсуге мүмкіндік бар», — дейді «Орал трансформатор зауыты» ЖШС басқарушы  директоры Ақжол Сауранбаев.

Айта кетейік, бұл өндіріс орны басшылары желтоқсан айынан бастап жалақыны 10-15 пайызға өсірмекші. Қазір зауытта 250 адам үш ауысымда жұмыс істесе, олардың он пайызы төмен жалақы алады. Ал ең төменгі жалақы - 70  мың теңге. Еңбекақысының артатын естіп қуанған жас жұмысшылардың бірі - Анатолий Билыч. Дайындаушы учаскеде жұмыс істейтін ол еңбектен қашпайды.

«Келер жылды Жастар жылы деп жариялаған Елбасымызға рахмет, —дейді ол. — Бұл жыл біздің әлеуметтік жағдайымызды көтеруге, тиімді еңбекпен айналысуға жаңа серпін   беретін болады».

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0