Орал өңірінде 136 мыңнан астам жастың 3,1%-ы еш жерде жұмыс істемейді, оқымайды, яғни NEET санатына жатады. Бұл көрсеткіш соңғы үш жылда екі есеге дейін төмендеп, қазір республика бойынша ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып табылады.

БҚО әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңесте облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сақошев дәл осылай баяндады. Оның сөзіне қарағанда, Жайық жастарының дамуына және өзін-өзі дамытуға жағдай жасау мақсатында «БҚО жастарын дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған жол картасы» қабылданып, жүзеге асырылуда. Жол картасы 4 негізгі бағыттан тұрады: жастарды жұмыспен, сапалы әрі қолжетімді біліммен қамту, жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, жеке және кәсіби тұрғыдан өсуге жағдай жасау. Аталмыш құжат әр санаттағы жастардың мәселесін шешуге бағытталған. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың көмегімен 10 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты.
«Биыл облысымыздағы жастардың әлеуметтік жағдайын анықтау мақсатында зерттеу жүргізілген еді. Оған өңірдегі барлық ауданнан 14-29 жас аралығындағы 800 жас қатысты. Орал қаласындағы, Бөкей ордасы, Жаңақала, Зеленов аудандарындағы респонденттердің 35 пайыздан астамы жергілікті атқарушы билік тарапынан жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселесіне қатысты айтарлықтай көңіл бөлінбей отырғанын жеткізген. Ал жастарды қолдау мен дамыту үшін мемлекет тарапынан қай салаға жете мән беру керек деген сұраққа қолжетімді әрі сапалы білім (63,2%), жұмыспен қамтуға жағдай жасау (46,8%), салауатты өмір салтын қалыптастыру мен медициналық қызметті (35,9%) жақсарту керек деп жауап берген. Бұл бағытта біздің басқармамен де, аудан, қала әкімдіктерімен де бірігіп жұмыс жүргізіп, жастарға қатысты мәселенің көбін шешуге күш салатын боламыз», —деді Аян Қажимерұлы.
-
Пригласил убрать квартиру, избил и надругался: Алматинка рассказала подробности27.01.2023, 09:42Пока премьер отчитывал министра, его коллега копался в телефоне27.01.2023, 14:29В 45 лет скоропостижно скончалась недавно назначенный сенатор27.01.2023, 10:15Тверк на тое возмутил Казнет, но оставил довольными гостей27.01.2023, 11:37Алматинка едва не умерла после покраски волос27.01.2023, 11:09Жительница Актау подозревает, что ее малолетнего сына изнасиловали27.01.2023, 19:00
-
09:14Генерального директора «Сайрам-Угамского» национального парка подозревают в коррупции09:00Снимок Путина на высоких каблуках вызвал горячие споры в Сети08:20На границе с Китаем застряли 30 новых автобусов для Павлодара07:40Теракт в Иерусалиме: семь погибших, террорист ликвидирован07:00Обмороженный труп обнаружили возле трассы в Шымкенте06:00Прогноз погоды на 28 января05:00Исторический финал прошел для Казахстана на гран-при по дзюдо03:00Россиянам больше не продают новые авто в Казахстане01:00«Барыс» обыграл челябинский «Трактор» и вернулся в зону плей-офф00:00Несколько месяцев пролежал в своей квартире актюбинский пенсионер