вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
16oC
1xadv
×

Қызылорда еліміздегі белсенді жастары көп облыстардың көшін бастап тұр

Статистикалық мәліметтер бойынша Қызылорда облысындағы орташа халықтың жасы- 28,8 жасты құрайды. Осы көрсеткіштер бойынша облыс Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облысынан кейінгі үшінші орында. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық статистика департаментінің басшысы Мәриям Баекеева мәлімдеді.

Фото inform.kz сайтынан алынды
Фото inform.kz сайтынан алынды

«Елбасымыздың биылғы жылғы Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны баршамызға белгілі. Жастар халықтың қоғамдық белсенді топтарының бірі болып табылады, демографиялық жағдайға серпін береді. 2018 жылдың 1 қаңтарында облыстағы жастардың саны 190,1 мың адамды немесе халықтың 24,3% құрайды. Қала халқының құрылымындағы жастардың үлесі 42%, ал ауыл жастары 58% және 52% ерлер, 48% әйелдер құрайды», — деді М.Баекеева.

Сонымен қатар, туу көрсеткіші бойынша 2017 жылы 15-29 жас аралығындағы әйелдер 11922 баланы дүниеге әкелген.

Ал, 16-29 жас аралығында некеге тұрған ерлер 74%, ал әйелдер 86% құрады. Ең белсенді некеге тұру жасы ерлер арасында 23-27 жас, әйелдер арасында 20-24 жас болып отыр.

Сондай-ақ, 2018-2019 оқу жылында 10660 студент жоғары оқу орындарында оқыса, оның 52% немесе 5526 әйелдер, магистранттар -431 адам (әйелі 186) және 43 докторанттар (әйелі 15) құрайды.

2018-2019 оқу жылында арнайы орта оқу орындарындағы 14-29 жас аралығындағы 21002 жастар білім алуда, оның 9755-і әйелдер құрайды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: