Биыл М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін 2 мыңға жуық жас диплом алмақ. Олардың көпшілігі қазірдің өзінде еңбек нарығынан өз орын тауып жатыр. Себебі осы ЖОО-ның түлектеріне деген сұраныс жоғары.

Бұл туралы таяуда аталмыш оқу орынында өткен «Мансап күнінде» айтылды. Онда сөз алған М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың проректоры Әсет Тасмағамбетов Жастар жылына орай ұйымдастырылған осынау шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқандығын айтып, жаңа өмір белесіне қадам басқалы тұрған түлектерге сәттілік тіледі.
Биыл университет қабырғасында білім алған 1100-ден астам студент күндізгі оқу бөлімін, 800-дей жас сырттай бөлімді тәмамдауда. Еңбек ресурстары бойынша республикалық агенттігінің рейтингісі бойынша өткен жылы түлектерді нақты жұмысқа орналастыру көрсеткішіне байланысты БҚМУ 101 жоғары оқу орнының арасынан 12-орынды иеленген. Ал Қазақстанның жетекші ЖОО-ларының бас рейтингісінде үздік ондық қатарынан табылып, 8-орынға тұрақтады.
«Түлектерді жұмыспен қамтуда тек бос жұмыс орындары жәрмеңкесімен шектеліп қалмаймыз. Оқу жылы кезінде түрлі кездесулер, дөңгелек үстелдер, оқыту семинарлары өткізіліп, жастарға еңбек нарығын талдау, алған лайықты біліміне сай қызмет табу жолдары жан-жақты түсіндіріледі. Университет бітіруші жастарды жұмыспен қамту көрсеткішіне келер болсақ, өнер саласы бойынша білім алған жастардың қызметке орналасуы 100%-ды құраса, педагогикалық мамандықтар бойынша 90%-дан асады. Басқа да мамандықтар бойынша білім алған жастар еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. Түлектеріміздің жұмысқа орналастыру көрсеткіші жылдан-жылға артып келеді, былтыр ол 86,4%-ды құрады», — дейді М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың академиялық қызмет департаментінің директоры Гүлжаһан Қайсағалиева.
«Мансап күні» шарасына қатысқан 70-ке жуық мекеме-кәсіпорын өкілдері 700-ден астам студентпен әңгімелесіп, олардың түйіндемелерін алып кетті.
Ернар ХАЙДАР,
Батыс Қазақстан облысы
-
«Вселился демон»: Алматинка убила сына, кошку и себя26.01.2023, 12:00Житель Туркестанской области «купил» в жены школьницу за 600 тыс тенге26.01.2023, 07:11Баласы шетінеп кеткен Әсел Асқар күйеуінің оны үйден қуып шыққанын айтты26.01.2023, 16:04Новорожденному в Атырау сделали надрезы лезвием на лице26.01.2023, 11:08Женщина сожгла новорожденного: Начато досудебное расследование26.01.2023, 20:10Продавщица-фокусница в Шымкенте обманула клиента и попала на видео26.01.2023, 18:02
-
10:41Муфтият на пожертвованные деньги хочет построить общежитие студентам10:28Туберкулез атакует шымкентских школьников10:15В 45 лет скоропостижно скончалась новоизбранный сенатор10:09Уят долой, или Откровенно о ВИЧ-инфицированных в Астане09:56Талдыкорганец устраивал собеседования для наркоторговцев в Сети09:42Пригласил убрать квартиру, избил и надругался: Алматинка рассказала подробности09:28Почти 1,8 тыс казахстанцев лечатся от КВИ09:13Почем продают доллар в обменниках РК перед выходными08:50Фильмы о Гарри Поттере исчезнут из российских онлайн-кинотеатров08:05Таксистов в Казахстане массово штрафуют за назойливое приставание в общественных местах07:27Актюбинца лишили пенсии из-за «двойника» в России06:48Скандал в школе ЗКО: Ученики приносят на уроки алкоголь06:00Прогноз погоды в Казахстане на 27 января05:28Врачи Алматы выходили новорожденного весом 510 грамм03:34Пятиклассника избили до сотрясения мозга в коридоре школы Алматинской области