+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
31.05.2019 в 13:39

Қызылордада саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Қызылорда қаласында ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған еске алу шарасы өтті.

Қызылордада саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды Фото взято с сайта e-kyzylorda.gov.kz

Шарада облыс әкімі Қ. Көшербаев қазақ тарихында миллиондаған талай жанның өмірін қиған бірқатар қайғылы оқиғалар орын алғанын атап өтті. Олардың бірі – 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық.

«1992 жылы осы мәселені арнайы зерттеген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Төралқасының комиссиясы өзінің қорытындысында: «Қазақ елі аштықтан  және соған  байланысты індеттерден, сондай-ақ, табиғи өлім деңгейінің ұдайы жоғары  болуынан 2 млн. 200 мың адамнан, яғни, барлық қазақ халқының 48  пайызынан  айырылды», - деп жазды. Аштықтан, негізінен, жас балалар мен әйелдер қырылғандықтан қазақтардың өсуі қатты тежелді. Кейін бұл аштық «Қызыл  қырғын», «голощекиндік геноцид» деген атауға ие болды.

Голощекиндік зұлматтың қазақ халқына алып келген шығыны әлем тарихында гитлершілдердің Европадағы еврейлерге жасаған сойқанымен пара-пар келіп, Кампучиядағы «Қызыл кхмерлер» зардабынан асып  түсті. Бұл зұлмат ХХ ғасырдағы адамзат баласына қарсы  жасалған ең өрескел қылмыстың бірі болып саналады», — деді аймақ басшысы.

Шара барысында құрбандарды еске алу мақсатымен бір минуттық үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика