вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Қызылордада облыстық жастар слеті өтті

Жаңақорған ауданының Бірлік ауылында 15 маусым күні «Жастар жылы» аясында облыстық жастар слеті ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлттық спорт ойындарын дәріптеу болып табылады. Алдымен қатысушылар ауылдың тыныш-тіршілігімен танысты. Ауыл жастары слет делегаттарын Бірлік ауылында орналасқан стадион, ұлттық мерекелер өткізуге арналған арнайы орын, ауыл мешіті, жастар қолымен егілген 390 түбі бар алма бағымен таныстырды.

Одан әрі слет жұмысы пленарлық отырыспен жалғасты. Шараға аудан жастары, жұмысшы жастар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылда қызмет етуші жастар, «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілері, «Жастар үйінің» тұрғындары, жас кәсіпкерлер, мүмкіндігі шектеулі жастар қатысты.

Слет жұмысы Жаңақорған ауданындағы Үсен бауында «Ұлттық ойындар фестивалімен» жалғасатын тапты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: