вторник, 16 апреля 2024 г.
icon
448.56
icon
478.03
icon
4.79
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
15oC
1xadv
×

Қызылордалық 4143 түлек ҰБТ тапсырады

21 маусым күні қызылордалық түлектер ҰБТ тапсырып бастады, тестілеуге 4143 адам немесе түлектердің 72% қатысады.

Фото Today.kz сайтынан алынды
Фото Today.kz сайтынан алынды

2018-2019 оқу жылы 5755 оқушы 11 сыныпты бітірген. Қорытынды мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша 406 түлек «Алтын белгі», 264 түлек Үздік аттестатқа ие болды (2018 жылы - 320 «Алтын белгі», 215 - Үздік аттестат).

«4143 түлек немесе мектеп бітірушілердің 72% алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берді. 2018 жылмен салыстырғанда қатысу 5% көбейген, яғни былтыр түлектердің 67% қатысқан», — деді Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова.

Қызылорда облысында ҰБТ 21-26 маусым аралығында 9 тестілеу пунктінде өткізіледі.

«Жыл бойы «Талдысу», «Қамбаш» лагерлерінде барлық түлектер қосымша дайындық курстарынан өтті. Сонымен қатар, ата-аналар мен түлектерге психологиялық тренингтер өткізілді. Барлық тестілеу пункттері бейнебақылау камераларымен, ұялы байланыс сигналын өшіретін құрылғылармен және металл іздегіштермен жабдықталған, әрбір аудиторияға кондиционерлер орнатылған», — деп атап өтті М. Мелдебекова.

Аймақтың 4640 түлегі университеттерге (81%), 1000 түлек колледждерге (17%) түседі деп жоспарлануда. 628 түлек Ресей Федерациясының 4 жоғары оқу орнына түсу емтиханын тапсырды. Бұл Мәскеу ұлттық зерттеу технологиялық университеті "МБжҚИ", Ресей мемлекеттік аграрлық университеті – К. А.Тимирязев атындағы МАША, Мәскеу энергетикалық институты және Санкт-Петербург мемлекеттік өнеркәсіптік технологиялар және дизайн университеті. Емтиханның нәтижесі шілде айында белгілі болады.

Айта кетейік, 2019 жылдан бастап жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында ҰБТ жылына 4 рет ұйымдастырылады. Қаңтар айында ҰБТ-ға 2392 оқушы (41,5%) қатысып, орташа балл 77 болды. Наурыз айында тестілеуді 4042 (70%) түлек тапсырды, орташа балл 83-ті құрады.

Ұлттық бірыңғай тесттің үшінші кезеңі 21-26 маусымда, ал төртінші кезең 17-20 тамыз аралығында өтеді.

Атап өтейік, білім беру грантына тек үшінші кезеңде (21-26 маусымда) тестілеу тапсырған бітірушілер үміткер бола алады.

ҰБТ нәтижелері тестілеу күні белгілі болады. Сондай-ақ, Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: