воскресенье, 20 апреля 2025 г.
icon
521.9
icon
593.5
icon
6.39
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
22oC
×

Қызылорда облысында мемлекеттік рәміздер аллеясы ашылды

Бүгін Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде демеушілік қаражатына салынған Мемлекеттік рәміздер аллеясының ашылу салтанаты өтті.

«Жаңадан ашылған Мемлекеттік рәміздер аллеясы мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің анты, әскерге шығарып салу және т. б. салтанатты патриоттық іс-шараларды өткізу орнына айналсын. Бұл жер түлектер мен жас отбасылардың жиналатын мекеніне айналады деп ойлаймын!» — деді шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов аллеяның ашылу салтанатында.

Мемлекеттік рәміздер аллеясы Арал, Қазалы, Шиелі аудандарында және облыс орталығында салынған. Алдағы уақытта осындай аллеялар облыстың басқа аудандарында да ашылатын болады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0