пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
495.2
icon
522.34
icon
4.94
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-2oC
×

Қызылордада ІТ бағытта 26 жоба іске асады

ІТ бағытта қолға алынған 26 жобаның 5-уі негізгі салаға, 6-ы басым салаларға арналған. 26 жобаның 6-ы білім, 2-і денсаулық сақтау, 4-і қауіпсіздік, 5-і шаруашылық және көлік, 2-і ауыл шаруашылығы, 2-і бизнес және әлеуметтік салаға, 5-і қалалық басқаруға бағытталады.

Фото arsesge.com сайтынан алынды
Фото arsesge.com сайтынан алынды

Денсаулық сақтау саласына енетін ІТ жобалардың әсерінен жүкті әйелдерге көрсетілетін қызмет сапасы артады. Бала өлімін азайту, туа біткен ауруларды бастапқы кезеңінде анықтау, созылмалы ауруларға жұмсалатын денсаулық саласының шығындарын азайту көзделген.

Көлік саласында да 3 жоба енеді. Облыстық бюджеттен 2 жобаға 38,7 млн.теңге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 1 жобаға 800 млн. теңге қаралған. Осы арқылы көлік ұйымдарының салық түсімдері 20%-ға, табысы 30%-ға, кондукторлардың төлемдерді иемденуін 90%-ға азайту, жолаушылардың қоғамдық көлікті күту уақытын және ақпараттандырылуы 40%-ға көбейеді.

Ауыл шаруашылығы бағытында 2 бірдей жоба мақұлданған. ІТ жоба құрғақшылық, зиянкестердің жаппай көбеюі сынды кризистік сәттерді алдын алу үшін қолға алынған.

Жалпы 26 ІТ жобаларға 13,1 млрд.теңге қаржы қаралды. Аталған жобалар халықтың өмір сапасын арттыруды көздейді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: