воскресенье, 5 мая 2024 г.
icon
441.66
icon
475.14
icon
4.86
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Қызылорда облысының жаңа әкімі қала нысандарын аралап көрді

Қызылорда облысының жаңа әкімі Қуанышбек Ысқақов Қызылорда қаласы нысандарының жұмысымен танысып, қалалық автобус паркін, Ғ. Мұратбаев атындағы орталық қалалық стадионды және Қызылорда ЖЭО аралады.

Жоспарланған нысандардан бөлек облыс басшысы жоспардан тыс, алдын-ала ескертусіз тұрғындар тарапынан әлеуметтік желі арқылы келіп түскен мәселелер бойынша № 11 бағыттағы автобуспен Тасбөгет кентіне барып, қоғамдық көліктердің жұмысымен танысты. Автобус салонында Қуанышбек Ысқақов жолаушылармен сөйлесіп, олардың ұсыныстары мен тілектерін тыңдады,сондай-ақ облыс тұрғындарымен тікелей байланыс үшін өзінің Твиттер-аккаунты арқылы өңірді дамытуға қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп бірге жұмыс істеуге шақырды.

Сондай-ақ, өңір басшысы «Сәулет» шағын ауданында болып, тұрғындардың осындағы көлшіктің жанында заңсыз қоқыс тастау орны пайда болғаны туралы шағымдарын тыңдады. Аймақ басшысы қала әкімінің міндетін атқарушы Бектас Нұриддиновке осы мәселені бір ай көлемінде шешуді тапсырды.

Аймақ басшысы 758 автокөлік жұмыс істейтін 26 қалаішілік және 6 қала маңындағы маршруттардан тұратын автобус паркіне барды.

Сондай-ақ, Қуанышбек Ысқақов 1969 жылы салынған Ғ. Мұратбаев атындағы орталық стадионды қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Айта кетерлік жайт, 2001 жылы стадионды толық қайта құру жұмыстары жүргізіліп, келесі жылдары оның конструкциялары ішінара ауыстырылып, жөндеуден өтті. Қазір стадионның сыйымдылығы 7000 орынды құрайды, нысанның жалпы ауданы-16700 ш. м.

Облыс әкімі «Қайсар» футбол клубының ойыншыларымен кездесті.

«Қырымбек Елеуұлының сіздерге ыстық сәлемін жеткізгім келеді. Алда "Шахтермен" өтетін ойында сәттілік тілеймін. Біз өз тарапымыздан сіздерге тиісті қолдау көрсетеміз. Ал сіздер жанкүйерлеріңізді жеңістеріңіздермен қуантыңыздар», — деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде, қайсарлықтар да толық жаңғыртудан өткен заманауи талапқа сай стадион үшін алғыстарын айтты.

Одан бөлек, Қуанышбек Ысқақов «Қызылорда ЖЭО» МКК 2019-2020 жж. жылыту маусымына дайындық барысымен танысты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: