пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Алматы тұрғындары бір ай бойы дәрігерлерге тегін қаралады

Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастыруымен 1 тамызда басталған «Денсаулық айлығы» акциясы бір ай бойына жүреді. Әуелі Түрксіб ауданының «Нұршашқан» және «Теректі» аудандарында басталған шара Медеу ауданындағы Кеңсай ықшамауданында жалғасты, деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігі.

Аудандағы №2 қалалық емхананың дәрігерлері тұрғындарыға медициналық көмек көрсетті. Таңғы 8-де басталған акцияға Медеу ауданының тұрғындары ағылып келді. Тек түске дейін-ақ 100-ге жуық тұрғын медициналық қызметке жүгінген. Олардың бірі қан қысымын өлшетсе, екіншісі басқа да мамандарға қаралды. Мұндай жылжымалы кешенге әсіресе аяқ аттам жерге жетуі мұң қариялар мәз. 

«Көз дәрігері мен хирург көңілімізден шықты. Түрлі анализ тапсырдық», – дейді бір қария.

Ал екіншісі қанындағы қант мөлшерін өлшеткенін, дәрігерлер енді қайда бару керектігін түсіндіргенін айтып, ризашылық білдірді.

«Негізінен біз күткен адам саны аз болатын. Бірақ келіп жатқан адамдар өте көп. Және бұл жақтағы тағы бір мақсаттың бірі ол – ең біріншіден, қала тұрғындарын профилактикалық тексеруден өткізу. Өйткені мұндай шалғай аудандарда тұратын қала тұрғындары емханаға жиі бара бермейді», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат ТӨСЕКБАЕВ.

Мобильді топ құрамындағы білікті мамандар бірінші кезекте балалар мен аналардың денсаулығын жақсарту мен нығайтуға айрықша көңіл бөлуде. Медициналық шара аясында иммундық тапшылық вирусына тесттен өту, қант деңгейін анықтау, рентгенге түсу сынды тексеру түрлері қамтылған. Сондай-ақ кардиолог, невропатолог, окулист дәрігерлері, хирург сынды мамандар халықты тексеруден өткізіп жатыр. Аталған айлық барысында дәрігерлер тұрғындардың денсаулығын тексеріп қана қоймай, түрлі сұрақтарына жауап пен кеңес беруде.

Сонымен қатар мамандар халықты келер жылдан бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша хабардар етіп жатыр. Жалпы денсаулық айлығына флюрографиялық рентген аппаратымен жабдықталған 5 көлік, 2 жылжымалы медициналық кешен және тағы бірнеше құрылғы жұмылдырылыпты. Тұрғындар кардиолог, пульманолог, терапевт, тіс дәрігері, акушер гинекологқа қарала алады.

«Флюрографиядан өтеді, терапевт офтальмолог қарайды, қан қысымын өлшейді. Сондай-ақ әр адамнан анализ алады, ЭКГ жасалынады. Нәтижесі де бірден қолға беріледі. Өйткені тест жолақшалар қолданылады. Бұл өте ыңғайлы», – деді Алматы қаласы Түрксіб ауданы медициналық мекемесінің бас дәрігері Кәмшат АЙТҚАЗИНА.

Айта кетейін, қала әкімінің бастамасымен «Шетсіз қала» бағдарламасы аясында қолға алынып отырған «Денсаулық айлығының» мақсаты –  шалғайда түратын тұрғындарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету. Тамызда басталған акция айдың соңына дейін жалғасады. Дәрігерлер бір ай бойына әр ауданда дүйсенбіден-сенбіге дейін, таңғы сағат 9-дан  бастап кешкі 18.00-ге дейін қызмет етеді. Басты міндет – азаматтардың, әсіресе балалардың денсаулығын нығайту. Жылжымалы кешендер қажетті керек жарақпен қамтамасыз етілген. Бір ай көлемінде барлық ауданды осы жылжымалы медициналық көліктер аралап шығады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: