пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
24oC
1xadv
×

«Zhas Рroject»: Ауылда кәсіп көздері ашылуда

«Zhas Рroject» жобасы аясында Қаратөбе ауданындағы 17 жас кәсіпкер қайтарымсыз грантқа ие болды. Солардың қатарында жусандыойлық Асылан Тілепиев пен аудан орталығының тұрғыны Мұхит Өтемісов бар.

Жас маман Асылан ауыл мектебінде инженер-техник болып кызмет атқара жүріп, жұмыстан тыс уақытта суретке түсіру, бейне монтаж жасаумен шұғылданатын. Біртіндеп бұл істің қыр сырын әбден меңгеріп, кәсібін одан әрі жандандыруды көздеп жүрген. Бірақ қаржы мәселесі қолбайлау болды. Сөйтіп жүргенде «Zhas Рroject» жобасы басталып, оның өз ісін бастауына қанат бітірді.

Асылан Болатұлы өзі қатарлы Гүлайым Зейнекешова, Лариса Жолжанова сынды кәсіби екі маманды қасына тартып, "Print-Qaratobe" баспа орталығын ашып, құжаттарды басып шығару, көшірме жасау, фото, бейнетүсірілім, бейнемонтаж жасау, той залдарын безендіру жұмыстарын қолға алып, ісін бастады.

Ал Мұхит Өтемісовтің жетекшілігімен Қаратөбе ауылдында жиһаз жасау және жөндеу цехы жұмысын бастады. Ол бұдан он шақты жыл бұрын Ақтөбеде ағасының жиһаз жасау цехында жұмыс істеп, шкаф, үстел, жатын бөлме, ас үй, кіре беріс жиһаздарын, балалар кереуетін жасауды меңгеріп алған еді. Кейіннен ауылға келіп, маусымдық жұмыс жасап, қолы қалт еткенде үй жөндеп, жиһаздар жасауға тапсырыстар алатын.

Кәсібін бастауға мүмкіншілігі болмай жүрген Мұхитқа «Zhas Project» жол ашты. Ұтып алған 1 млн теңге грантқа ол шаруашылыққа қажетті тоқ ара, сүргі, шеге қадайтын аппарат, балға және жиһаз жасауға керек материалдар мен ұсақ-түйек құрал-жабдықтар алып, өзінің сүйіті ісімен айналысуда.

«Zhas Рroject»-тің жас кәсіпкерге қояр басты талабы – көп балалы, аз қамтылған, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі жандарға 6 ай көлемінде тегін қызмет көрсету. Қос кәсіпкер де бұл шартты орындап келеді. Мәселен, "Print-Qaratobe" баспа орталығы 3 айда 50 адамға тегін қызметтін көрсетіп үлгерген. Мұхит та бұл санаттағы жандарға біраз жиһаз  жасап берген. Осынау жұмыстары үшін топ мүшелеріне алты айға дейін шәкіртақы төленіп тұрады. Ал ауыл тұрғындары бұл игілікті істерге дән риза.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0