воскресенье, 6 июля 2025 г.
icon
519.51
icon
611.83
icon
6.6
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
15oC
×

Алматыда жедел жәрдемге 28 жаңа көлік, 2000 балаға құралдар табыс етілді

Конституция күні қарсаңында қалалық жедел жәрдем мекемесінің автопаркі 28 жаңа көлікпен толықты. Олардың кілтін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тапсырды.

«Жабдықтардың түрлері олар электрокардиологиялық аппараттан бастап, дефибрилляторға дейін. Және де өте ыңғайлы. Іші кең және биік. Ішінде желдеткіш, жылытқыш бәрі бар. Біздің алып келе жатқан науқасқа да, дәрігерге де өте ыңғайлы. Жалпы негізгі мақсат – алтын уақытын принципін сақтау», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев.

Бүгінде кезде жедел жәрдем қызметінде 3874 адам еңбек етеді. Мұнда 177 шұғыл бригада мен 265 автомобиль бар. Қызмет құрамында 11 қосалқы станция мен 3 автоколонна, 2 автокөлікке май құю бекеттері жұмыс жасайды. 2018 жылы қалалық жедел жәрдем  1,7 миллион азаматқа қызмет көрсетті. Күніне орташа есеппен әр бригада 300 шақырымды еңсереді екен. Биыл сатып алынған көліктер қатары айтарлықтай артқан. Бұған дейін жылына 15-17 көліктен ғана алынатын.

Десек те шахар емханаларында заманауи құрал-жабдықтар тапшылығы әлі де 22 пайызды құрайды. Олқылықтың орнын қалай толтыруға болатынын қала әкімінің өзі айтып берді. 

«Біз қазір 3 жылдық бағдарлама жасадық. 85 миллиард теңге жұмсаймыз. Толығымен 85-90 процентке бүкіл құрал-жабдықпен қамтамасыз ететін боламыз. Соның ішінде осындай жедел жәрдем көлігі қажет. Міне бүгін 28-нің кілтін өздеріңізге ұсынғалы отырмыз. Келесі жылы тағы да қосымша ұсыныс беріп сатып аламыз», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ Алмалы ауданында «Ата заңымызды» ұлықтауға арналған күні 200 бала «Мектепке жол» акциясы аясында мектепке қажетті құрал-жабдық пен мектеп формасын алды. Мерекелік шараға мыңнан астам көпбалалы отбасы шақыртылған.

«Бұл шараның негізгі мақсаты біздің жағдайы төмен көпбалалы отбасынан шыққан бүлдіршіндерге жаңағы қайырымдылық көмек көрсету осы көмектің аясында осы Алмалы ауданы әкімінң өзінің ұйымдастыруымен осы Құрманғазы оркестрінің қолдауымен аудан бойынша әкімдік 2000-нан астам балаға өз көмегін көрсетуде», – деді  Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры Қуанышбек Мұқанғалиев.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0