+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
31.08.2019 в 17:31

Қызылорда облысының әкімі спорттық мектеп-интернат-колледжге екі автокөліктің кілтін табыстады

Бүгін аймақ басшысы аталмыш мектеп-интернат ұжымы мен студенттерін білім күнімен құттықтады.

Қызылорда облысының әкімі спорттық мектеп-интернат-колледжге екі автокөліктің кілтін табыстады

Халықаралық білім күні қарсаңында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов даңқты батыр Жалаңтөс Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат болып 2001 жылы Қызылорда облысында тұңғыш рет ашылған бүгінгі мектеп-интернат-колледждің тарихы терең екенін атап өтті.

«Мектеп-интернат өзінің өсу-өркендеу жолында бүгінгі тәуелсіз елдің белгілі спортшыларын оқытатын, тәрбиелейтін колледж дәрежесіне дейін көтерілді. Мектеп интернаттан есімдері елге танымал Әлем, Азия чемпиондары мен Олимпиада жүлдегерлері түлеп шықты. Олар: ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Зайчиков, Олимпиада ойындарының қатысушылары, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов, еркін күрестен 3 дүркін Азия чемпионы Дәулет Ниязбеков, дзюдодан жасөспірімдер Олимпиада ойындарының чемпионы, тұңғыш Әлем чемпионы Бауыржан Жауынтаев, еркін күрестен Олимпиада ойындарының қатысушысы Ғалымжан Өсербаев, ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының қатысушысы Қуаныш Рахатов сынды спортшыларды мақтанышпен айта аламыз. Жетістіктерге келсек, 2018-2019 оқу жылында мектеп-интернат оқушылары республика чемпионаттарында 111 медаль иеленді. Биылғы жылы 5 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 40 спорт шеберлігіне үміткерлер дайындалып, ұлттық құрама команда сапына 32 оқушы енді», — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, биыл  Қазақстан Республикасының ІХ жазғы мектеп және колледж оқушылары арасындағы спартакиадада мектеп – интернат – колледж оқушылары спорт түрлерінен 57 медальға қол жеткізді. 2018 жылы Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өткен ІІІ жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарында мектеп-интернат оқушысы байдарка және каноэде есуден Диас Бахрадин алтын жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында Сәпи Есенгелді мен Бекболат Рахат жеңімпаз атанды.

Қуанышбек Ысқақов мектеп-интернат басшылығына екі автокөліктің кілтін табыстап, жөнделген ғимараттарды қарап шықты.

Білім ордасында «Спорт жаттықтырушысы-оқытушы» мамандығы бойынша 40 студент білім алумен қатар спорттық шеберліктерін шыңдауда.

Бүгінгі таңда оқушылардың білім алуы мен спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау мақсатында мектеп-интернат-колледжге, яғни жатақхана, асхана, оқу орталығы мен әкімшілік бөліміне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика