+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
14.08.2019 в 19:48

Сыр спортшылары 48 медальға қол жеткізді

Бүгінде Қызылордада спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары артып келеді. Аймақта 231 613 адам салауатты өмір салтын ұстанады. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда көрсеткіштің жоғарылағанын байқатады.

Сыр спортшылары 48 медальға қол жеткізді

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын 7-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер саны да өскен. Көрсеткіш 23 058-ге жеткен. Бұл туралы бүгін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, Сыр спортшыларының түрлі аламандағы жетістіктері артқан. 2019 жылдың 6 айында спортшылар ҚР чемпионаттарында 907 медаль жеңіп алған. Оның 272–і алтын, 248-і күміс, 387-і қола жүлдегер атанған. Сонымен бірге, Әлем және Азия чемпионаттарында 48 медаль Сыр спортшыларына тиесілі.

«Халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру мақсатында, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісін ұлғайту және шұғылданушылар санын арттыру барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында биыл 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Былтырғы жылы 9 жоба іске қосылды», — дейді Олжас Азатұлы.

Басқарма басшысы облыс спортшыларын 2020 жылы Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алуын қамтамасыз ету, Әлем, Азия және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына спортшылардың дайындығы мен қатысуын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Айта кетейік, алдағы уақытта «Локомотив» стадионына күрделі жөндеу жұмыстары басталып, «Нұрсәт» теннис орталығының 4 жабық теннис кордының құрылыс жұмыстарын аяқтау жұмыстары жалғаспақ.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика