четверг, 6 февраля 2025 г.
icon
515.97
icon
537.8
icon
5.25
Алматы:
icon
-9oC
Астана:
icon
-11oC
×

Қызылорда облысындағы құрылыс саласы цифрландыруға көшті

Қызылорда облысында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрландыру процесі қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта облыс тұрғындары қай салада болса да, электронды түрде қызмет алуға қол жеткізді. Бұл жаңалық құрылыс саласына да жетті. Жаңа жобалар туралы Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылауы басқармасының басшысының міндетін атқарушы Марат Мырзабеков журналистерге мәлімдеді.

Фото взято с сайта dsk-stolica.ru
Фото взято с сайта dsk-stolica.ru

«TexStroi-Smart» жобасы облыс көлеміндегі техникалық қадағалау сарапшыларына оңтайлы болып отыр. Біріншіден, жоба қадағалау сарапшыларына Қызылорда қаласына келмей-ақ, ай сайынғы есептерін басқармаға кез келген жерден электронды түрде жолдауына мүмкіндік жасалса, екіншіден, басқарма қызметкерлерінің кәсіпкерлік субъектілерімен тікелей қарым-қатынаста болу түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі жойылды», — дейді Марат Мырзабеков.

Құрылыс саласына енген тағы бір жоба - «Halyq Monitoring». Мамандардың айтуынша, жоба мемлекет тапсырысы бойынша салынып жатқан құрылыс нысандары туралы барлық арнайы сайтта орналастыру арқылы оған халықтың қолжетімділігін, ашықтығын қамтамасыз ету, құрылыстың сапасына қатысты тұрғындармен кері байланыс орнату жолымен орын алған бұзушылықтарды дер кезінде жоюға жағдай жасауды көздейді. Бұл өз кезегінде бақылау шараларының тиімділігін арттыруға, құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуына жол ашады.

Айта кетейік, басқармамен көрсетілетін 5 түрлі мемлекеттік қызметтің 4-уі электронды жүйе «Е-лицензия» порталына көшіріліп, тұрғындарға 299 қызмет көрсетілген. Оның 125-і сарапшылық қызметке аттестаттауға, 174-і лицензиялауға бағытталған.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының түпкі мақсатына терең үңіле қарасақ, бұл жерде халықтың өмір сүру деңгейін жоғары сатыға көтеру, көптеген әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табуға зор заманауи мүмкіншіліктер жасау қарастырылған. Қала берді, Елбасы мақсат етіп қойған дамыған отыздықтың ортасынан ойып тұрып орын алу жалпыхалықтық міндет. Сондықтан бағдарламаның аясында уақыттың үдесінен шығу үшін жаңа талаптарға сай еңбек ету қажет.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0