+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
14.08.2019 в 18:50

Шымкент әкімі жылыту маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды

Бүгін Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов қаладағы жылу беру қазандықтарының жұмыс істеу жүйесімен танысты. Ең алдымен қала басшысы әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан қуаттылығы 160 Гкал. болатын қазандықтың жұмысын көрді. Аталған жылу беру орталығы «Нұрсәт» ықшамауданындағы 60 көпқабатты тұрғын үй мен 8 әкімшілік ғимаратты жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Шымкент әкімі жылыту маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды

Мұнан соң Ерлан Қуанышұлы бастаған жұмыс тобы «Солтүстік» шағынауданындағы РК-3 қазандығының және «3-Энергоорталық» АҚ-да болып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Бүгінгі таңда бұл орталықтардағы қазандықтарда орташа жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. «3-Энергоорталық» мекемесі қаланың оңтүстік бөлігін жылумен және жылу сумен, сондай-ақ, қала тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз етіп келеді.

Жылу жүйесінің дайындық барысын пысықтаған қала басшысы сапар барысын қорытындылай келе салаға жауапты басшыларға нақты тапсырмалар беріп, тұрғындардың белгіленген уақытта жылумен қамтылуын міндеттеді.

Осы күні қала әкімі Ерлан Айтаханов жылу маусымына байланысты штаб отырысына да қатысты. Жиында мектеп пен денсаулық сақтау мекемелерінің жылыту маусымына дайындығы, ішкі орам көшелеріндегі жылу жүйелерінің ағымдағы жөндеуі және қаланың тұрғын үй қорын дайындау мәселелері қаралды.

Жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді айтқан қала басшысы отандық метеорологтардың биылғы қыстың суық әрі ұзақ болатынын айтып отырғанын ескертті. Сондықтан, жылу маусымына мұқият әрі тиянақты дайындалу қажеттігін және мұндай істе қателіктерге жол беруге болмайтынын атап өтті.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика