+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
05.08.2019 в 17:49

«Basta!»: Шымкенттік бизнесмендер пайдалы кеңестермен бөлісті

Табысты спортсмендер мен бизнесмендер арасында ортақ қандай ерекшелік бары Шымкент қаласында өткен «Баста» форумының қатысушыларына айтылды.

«Basta!»: Шымкенттік бизнесмендер пайдалы кеңестермен бөлісті

Жастарға табыс жолы туралы айту, батыл идеялармен «шабыттандыру» бизнес-бастаманы және бизнес амбицияларды дамытуға серпін беру мақсатында «Баста!» жастар форумы Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өтті. «Жас кәсіпкер» жобасына қатысушыларға көмекке амбассадорлар – өз ісін нөлден бастаған, қателіктерге қарамастан алға ұмтылып, кедергілерді өткеріп, нақты жетістіктерге жеткен шынайы self-made-бизнесмендер көмекке келді.

Форум жұмысын бастаған іс-шара модераторы – Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қәбіштаев «Жас кәсіпкер» жобасы – кәсіпті енді қолға алған кәсіпкерлерді оқыту ғана емес, сонымен қатар табысты кәсіпкерлермен мотивациялық кездесулер өткізу, бұл шара жастарға тиімді бизнестің құпияларын білуге, қызықты сұрақтар қоюға және өз ісін ашуға шабыт алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Жас кәсіпкер» – «Атамекен» Ұлтттық кәсіпкерлер палатасының Жастар жылында жастарға арналған сыйлығы деп айтса болады. Жоба «Бастау» жобасына ұқсас және оқыту тәжірибелі бизнес-тренердің әр стартапты  жеке қолдау бойынша құрауыштарын қамтиды. Аталған жоба арқылы  тұрақты табысы жоқ, бірақ іскерлік қабілеті бар 18-29 жас аралығындағы жастарға жаңа білім мен дағдыларды игеруге, жеке бизнес ашуға мүмкіндік береді. Жобаға қатысқан соң жастарда бизнес бастауға гранттар және жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік болады. Бұл кәсіпкер болуда теңдесіз мүмкіндік: биыл гранттық қаржыландыруға көп қаражат бөлінді, грант саны да көп (ШЫмкент қаласында 4 мың грант!)», – деп атап өтті модератор.

Форумда 5 бизнесмен спикер болды, олар кәсіптерін ешбір тәжірибесіз нөлден бастағанын айтып берді.

Кездесуге келген жастар табысты бизнесмендерге сауалдар қойып, көпке дейін жібермеді. Форумның жоғары өнімділігін алға тартқан олар осынша мотивация алып, жаңа идеялардан энергия алғандары үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика