пятница, 7 февраля 2025 г.
icon
515.97
icon
537.8
icon
5.25
Алматы:
icon
-5oC
Астана:
icon
-17oC
×

Қызылордада денсаулық фестивалі өтті

14 қыркүйекте Қызылорда қалалық мәдени және демалыс саябағында «Денсаулық сандарына қол жеткіз!» атты фестиваль өтті. Аталған шара 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Фестиваль барысында  денсаулық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.  Саябақ ішіне медициналық қалашық жасалып, мамандар қала тұрғындарының қан қысымын, қант мөлшерін өлшеп, кеңес берді. Ал, қаладағы «Дінасыл» балабақшасының бүлдіршіндері «Таза ауада тыныста!» деген атаумен көпшілікке йога жаттығуларын ұсынды.  Сонымен бірге, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты жұмыс орны» жобасына енген мекемелер арасында спорттық эстафета жүргізілді. Бұл сайыстың жүлделі орындары «Болашақ» универсерситеті,  Қазпошта  Акционерлік Қоғамы мен АТФ банкінің Қызылорда қаласындағы филиалына бұйырды.

Денсаулық фестиваліне белсене атсалысқан мекемелерге түрлі номинациялар берілді. Мәселен, «Салауатты жұмыс орны» номинациясы «Абзал және К» толық серіктестігіне, АТФ банкінің Қызылорда қаласындағы филиалы ұжымына табысталса, «Салауатты ұрпақтың тәрбие ұясы» номинациясымен «Дінасыл» балабақшасы, «Салауатты мектеп» номинациясымен №4 «Дарында балаларға арналған мектеп интернаты» марапатталды. «Салауатты аурухана» деген атқа облыстық көп бейінді аурухана лайық деп танылды. Сонымен қатар, шараға жиналған халық арасында «Қозғалыс бұл – денсаулық!» ұранымен спорттық ойындар, заманауи би жарыстары өткізілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0