«Дипломмен – ауылға!»: Қызылорда облысының өңірлері бағдарлама игілігін көруде

Биыл «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламаның іске асқанына – 10 жыл. Еңбек жолын ауылдан бастағасы келген, білімді жастарды мемлекет қолдауға әзір. Бұған Жаңақорғанға келіп, он жылға жуық бір мекемеде тұрақты әрі абыройлы қызмет еткен жас мамандар дәлел болып отыр.

«Дипломмен – ауылға!»: Қызылорда облысының өңірлері бағдарлама игілігін көруде
Фото yunews.kz сайтынан алынды

Бүгінде Қызылорда облысы – жас мамандарды қолдау көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы қатарда. Өңірде бағдарлама игілігін көрген медициналық кадрлардың басым бөлігі – Жаңақорған ауданында екен.

Өткен жылы Жаңақорғанның денсаулық сақтау саласында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 34 маман тұрғын үй, 50 маман бір реттік көтерме жәрдемақы алса, биыл 20 маман тұрғын үйге қол жеткізбек. Ауданда 17 ауылдық дәрігерлік амбулаторияның барлығы дерлік жас мамандармен қамтылған.

Айта кету керек, қазір елімізде дәрігер тапшылығын жоюдың шешімі табылған. Министрлік заң жобасына өзгеріс енгізіп, медициналық жоғары оқу орындарын мемлекеттік грантпен тәмамдаған жас мамандарды өңірге, ауылға барып үш жыл жұмыс істеуге міндеттеді. Ал мамандар өңірлерге Enbek.kz. порталы арқылы бөлінеді.

«Медицина саласында халыққа сапалы қызмет көрсетуге бірден-бір әсер етуші фактор – кадр. Білікті кадрмен қамтамасыз етілген, толық жағдайы жасалған медициналық мекеме ғана сапалы қызмет көрсете алады. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен, әсіресе елді мекендерді медициналық мамандармен қамтамасыз ету және тұрақтандыру аясында «Дип­ломмен – ауылға!» бағдарламасы жұмыс істеп келеді. Жаңақорған ауданында 2016 жылы осы бағдарлама аясында – 33, 2017 жылы – 38, өткен жылы – 33 маман тұрғын үй көмегін алды. Биыл елімізде жастарға айрықша қолдау көрсетілуде. Алдағы уақытта аудан әкімшілігімен бірлесіп, осы жұмыстарды жалғастыра беретін боламыз. Сондай-ақ, осы жылдың 1 маусымынан бастап, медицина қыз­меткерлерінің жалақылары артып, мекемеміздің мамандары толықтай жаңа мөлшердегі жалақы алды», — деді аурухананың бас дәрігері.

Емдеу мекемесінде дипломмен ауылға келгендердің алды 8 жылдан аса тұрақты еңбек етіп келеді.

Loading...
Айнур Оразбекова -  среда, 27 октября в 12:49
Автор «Бессовестных снох» затронула тему пандемии в Казахстане
Жанар Муканова -  понедельник, 25 октября в 06:00
Недоразвитый Балхаш
Жанар Муканова -  воскресенье, 24 октября в 01:29
Почему казахстанцы предпочитают жить в Турции
Айнур Оразбекова -  пятница, 22 октября в 03:29
Умка и Бульдозер: Чем запомнились акимы Южного Казахстана за 30 лет

28 октября, четверг