+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
06.09.2019 в 10:05

«Ауыл – ел бесігі»: Қызылорда облысының Шиелі ауданында 22 этноауыл бой көтерді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қызылорда облысы, Шиелі ауданында «Этноауыл-2019» кешенді мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Ауыл – ел бесігі»: Қызылорда облысының Шиелі ауданында 22 этноауыл бой көтерді

Арнайы кестеге сәйкес әр күн сайын сағат 18:00-21:00 аралығында Ыбырай Жахаев саябағында аудан және ауыл көркемөнерпаздарының сахналық қойылымы мен концерті, қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Ұлттық өнеріміз ұлықталып, қазақ халқының бейнесін аша түсетін қолөнер бұйымдары мен рухани байытатын кітаптар көрмеге қойылды.

Аудан тұрғындары мен қонақтары қазақ халқының, сондай-ақ түрлі этнос өкілдерінің салт-дәстүрлері, мәдениетінен сыр шертетін түрлі бағдарламаларды тамашалап, көрмелер жұмысымен танысты. Спорттық сайыстарға қатысты.

Мәдени шара Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асты.

Аудан орталығында өткен мәдени шарада киіз үйлер тігілді, ұлттық ойындар ойнатылды. Сонымен қатар қазақтың ұлттық тағамдары дайындалып, шараға жиналған халық дастарханнан дәм татты.

Аудан жастары алтыбақан ойнап, әуелетіп ән салды. Аудан бишілері мың бұрала би билесе, күйшілер күмбірлете күй төкті. Сондай-ақ аудан тұрғындары қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін қызықты қойылымның куәсі болды.

Бұл күні ұлттық салт-дәстүрді ұлықтаған ұзын саны 40-тан астам танымдық іс-шара жұртшылық назарына ұсынылды.

Жыраулық мектеп өкілдері дәстүрлі ән өнерінен шеберлік сабақтар ұйымдастырса, жас қолөнершілер кілем тоқу, жіп иіру шеберліктерін арттыру мүмкіндігіне ие болды.

«Биыл жастардың жылы ғой, Елбасының «Жастар жылы» деп атауына байланысты әсіресе, аталмыш шараның жастарға деген үлгісі, өнегесі өте зор деп есептейміз. Әрине, осының барлығы бірігіп, бір-бірімен үндесіп, әрі қарай келешек ұрпақ үшін, үлкен осы дүние болды деп есептейміз», — дейді Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы.

Шараның қорытындысы ретінде «Өткенін ұлықтаған, дәстүрін ұмытпаған - Шиелі» тақырыбында мерекелік концерт өтті.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика