+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
23.09.2019 в 13:14

Қызылордалық өнертапқыштар инновациялық идеялармен таңқалдыруда

Қызылорда қаласында республикалық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялардың байқауының облыстық кезеңі өтті.

Қызылордалық өнертапқыштар инновациялық идеялармен таңқалдыруда

Аталмыш байқау Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Сананың ашықтығы» базалық бағыты аясында қолға алынып отыр.

Оны Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы ұйымдастырды. Инновациялық идеялар байқауы Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан Жастар орталығының мәжіліс залында өткізілді. Шараның негізгі мақсаты - оқушыларға ғылым мен техниканың өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.

«Байқауға қатысушылар автокөлік, өндіріс, ауыл шаруашылығы, әскери техника, су көлігі, құрылыс, жылу-электр энергетикасы, авиация және космонавтика бағыттарындағы жобаларын таныстырды. Білім алушыларды өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тартып, талантты балаларға қолдау көрсету мақсатында өткен байқауға аудандық, қалалық білім бөлімдерінен және облыстық мекемелерден 70 оқушы қатысты», — деді «Рухани жаңғыру» орталығының мамандары.

Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының дипломдары және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Облыстық кезең жеңімпаздары 30-31 қазанда Алматы облысының орталығы - Талдықорған қаласында өтетін қорытынды кезеңге жолдама алды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика