четверг, 6 февраля 2025 г.
icon
520.27
icon
537.65
icon
5.24
Алматы:
icon
-9oC
Астана:
icon
-4oC
×

«Бастау бизнес» жобасы Сыр жастарына кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретті

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында Сыр өңірінде кәсіпкерлік негізіне оқу курстары өтті. Аталған оқу курстары «Бастау бизнес» жобасы бойынша жүргізілді. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған курс бизнес-ойлау психологиясы, бизнес-идеяны таңдау, нарықты зерттеу, маркетинг негіздері, салық режимдерінің ерекшеліктері, стартап, шағын және орта бизнес, агробизнесті қолдау тақырыптарын қамтиды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы нарықтың қажеттілігін есепке ала отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы мамандарды қысқа мерзімді кәсіптік оқуды мақсат етеді.

«Бастау бизнес» жобасы бизнес-бастамаларды жан-жақты қолдап, халықты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту арқылы ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамту деңгейін дамытуға бағытталған.

«Бастау бизнес» жобасы аясында қазіргі таңдағы бизнес-кеңесші, бизнес-өсу, жобалық оқыту бағдарламалары туралы көптеген мағлұмат алдым. Бұл курстың ерекшелігі ретінде бизнес-тренердің әр тыңдаушымен жеке жұмыс атқарып, кеңес беретіндігін айтар едім. Әрі осы курсқа қатысқандардың жобалары жүзеге асатын нысандарды аралап, 12 айға дейін сол жобаны жетелеуге ықпал етуі де осы бағдарламаның үлкен мүмкіндігі болып табылады. Мен қатысқан бизнес-тренингке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау» бизнес-мектебінің тренері Асылжан Жолдасбеков дәріс берді. Ішкі түйсікті басқара отырып, заманауи кәсіпкерді ерекшелейтін қасиеттер жайлы да осы курс барысында үйрендім», — дейді жобаның тыңдаушысы Жеңіс Сүйіндіков.

Еліміздің әр түкпірінде кәсіпкерлікті дамытуға арналған қысқа мерзімді оқыту жобасы  Қызылорда облысында да ұйымдастырылып, жас мамандарға кәсіпті игеру мақсатында бағыт-бағдар берді. «Бастау бизнес» курсы 36 сағат көлеміндегі оқыту бағдарламалары бойынша жүргізілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0