+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
05.09.2019 в 18:58

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту: Алматы президент жолдауының негізгі қағидаларын жүзеге асыруға кірісті

Бүгін Алматыда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын жүзеге асыру мәселелеріне арналған қала активінің жиыны өтті.

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту: Алматы президент жолдауының негізгі қағидаларын жүзеге асыруға кірісті

Алматы әкімі Жолдауда көрініс тапқан бес бағытты және белгіленген міндеттерді орындау үшін нақтылы шаралардың жүзеге асатынын айтты.

Ол өзінің сөзінде азаматтардың қала әкімдігіне жіберген өтініштерінің қатаң бақылауға алынатынын және заң шеңберінде шешілетінін жеткізді. Азаматтардың барлық конструктивті сауалдарына жедел әрі нақтылы назар аударатын «Тыңдай алатын мемлекет» концепциясын іске асатын болады.

«Біз жұмысты бастап кеттік. Барлық басқарма басшылары мен аудандар әкімдері әлеуметтік желілерде аккаунттар ашты, осы арқылы олар алматылықтардан тікелей «кері байланысты» қабылдай алады. Басқармалар мен аудан әкімдіктерінде екі аптада бір рет «Ашық есік күндері» өтуде. Назар аударылмаған әрбір өтініш үшін бірінші басшылар жеке жауапқа тартылады. Кадрлық шешімдер ең алдымен олардың тұрғындармен жұмысының бағасына қатысты қабылданады», - деді Алматы әкімі.

Бұдан өзге, қалада заң шеңберінен шықпайтын және азаматтар тыныштығын бұзбайтын бейбіт акциялар өткізу үшін жаңа орындар қарастырылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада құқық қорғау жүйесін реформалау жалғасуда.2020 жылы видеомониторинг жүйесі енгізіледі, соның арқасында адамдар көп жиналатын орындарға мониторинг пен видеосараптама жүргізіледі және қаланың барлық басты объектілері қамтылады. Бұл - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды тетіктердің бірі. «Е-Қылмысты іс» және « Әкімшілік өндірістің бірыңғай реестрі» жобалары енгізілді. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін полиция департаменті цифрлы шешімдерді қолдануды қамтамасыз етеді.

Келер жылдың аяғына дейін 112-нің бірыңғай шұғыл қызметі енгізіледі. Бұдан өзге, полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін қаланың барлық аудандарында 11 фронт-офистер ашылады. Мұнда келушілерге ХҚКО принципі бойынша жайлы жағдайда қызметтер көрсетіледі.

Биылғы жылы сел қауіпін төмендету үшін Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендерінің бассейндерінде мониторинг жүргізетін 10 автоматтандырылған станциялардың құрылыстары басталды.

Бұлардан өзге,Алматы әкімі кәсіпкерлікті дамытудың нақтылы шараларын айтты. Ең алдымен, мәдениет, туризм, көлік, логистика және ІТ инновация салаларында кәсіпкерлікті дамытуға назар аударылады. Отбасылық бизнесті, соның ішінде көпбалалы отбасыларда практиканы дамытуға ерекше мән беріледі. Сондықтан, Алматыда «Бақытты отбасы» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығында әйелдерді кәсіпкерлікке үйрететін «Isker Ana» бағдарламасы қолға алынды.

Жыл аяғына дейін мүмкіндігі шектеулі жандар үшін олардың жұмыс орындарында тәлімгерлік пен тәжірибе жинақтау орталығын ашу жоспарланған.

Кәсіпкерлікке жағдай жасау және әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында Алматыда алты ауданда филиалдары бар «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы құрылды. Мұнда барлық меморгандардың, даму институттары мен монополистердің мамандары қызмет көрсететін болады. Бұл шаралар қызмет көрсету уақытын қысқартып, қолжетімділікті қамтамасыз етуде. Бүгінгі күні Алматыда ШОБ субъектілерінің саны 185 мың. Олар ІЖӨ 40%-ын, салықтың 64%-ын қамтамасыз етеді, 600 мыңнан астам жұмыс орындары құрылған.

Бұлардан өзге, Бақытжан Сағынтаев қаланың туристік әлеуетін дамыту қажеттігін атап өтті.

Туристік кластерді дамыту туралы сөз қозғаған әкім ағымдағы курорттарды назарға алуды, бұлардағы көлік, тұру, тамақтану, жайлы жағдай жасау мәселелерін ретке келтіруді қадап тұрып айтты.

Алматы туристер үшін тау шаңғысы базаларымен ғана тартымды болмауы тиіс.

«Іскерлік, мәдениет, спорт туризмін дамытқан жөн. Мұнымен күн сайын және барлық бағыттар бойынша жұмыс жасау керек. Сонда ғана біз туристердің тек тауларымызды көру үшін ғана келмегендерін сезінетін боламыз», - деді Б.Сағынтаев.

Бұлардан өзге, мегаполис басшысы Алматыда цифрландыру мәселесі бойынша басқарма құрылатынын хабарлады. Жаңа басқарманың міндеті - келер жылдың аяғына дейін қажетті мемқызметтерді толық автоматтандыру.

Алматы – Қазақстанның цифрлы астанасы. Қазіргі кезде қала цифрлық сауаттылық деңгейі бойынша (82,6%) үздік. ІТ қызметтің үштен бірі оңтүстік астанада орындалады. Астанамен бірге Алматыда мәліметтерді жедел жіберудің жаңа форматы – 5G тестіленуде.

«Менің тапсырмам бойынша әкімдікте цифрландыру мәселесі бойынша жеке басқарма құрылады. Оның міндеті – ақылды қалалардың жаңа жобаларын енгізу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды аяқтау, Алматыда ИТ сектор қарқынын жыл сайын жеделдету үшін жағдайлар жасау», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Қазіргі кезде Алматыда қажетті мемқызметтердің 80%-ы автоматтандырылған. Жаңа цифрландыру басқармасының міндеті - 2020 жылдың аяғына дейін қажеттіліктегі мемқызметтерді толық автоматтандыру.

Қала активінің отырысы барысында мегаполис басшысы медмекемелерді материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жүргізілген аудиттің нәтижесі туралы хабарлады. Қазіргі кезде қаланың емханаларын жарақтандыру айырмашылығы 20%- дан 80% -ға дейін. Қалада медмекемелерді жарақтандырудың 3 жылдық жоспары жасалды. Медұйымдарда 30 мыңнан астам медициналық қондырғылар бар, олардың 10,9 мың бірлігінің тозығы жеткен.

Сондықтан, медқұралдарды сатып алу үшін 86 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланған. 2020 жылдың өзінде 1,4 мың бірлік медтехника алынады. Жедел медкөмек қызметі үшін келер жылы 80 автомобиль сатып алынады.

Шұғыл кардиологиялық көмек үшін қаланың №4,7 және ОҚКА сияқты үш стационарында кардиобөлімдер ашу жоспарланған. 2019 жылдың қазанында Алатау ауданында Жедел медициналық көмек қызметінің жаңа қосалқы станциясы іске қосылады. Барлық аудандарда 35 отбасылы-дәрігерлік амбулаториялар ашылатын болады.

Жиын соңында Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында алдағы болашақта жүзеге асуы тиіс бес маңызды міндеттердің көрініс тапқанын еске салды. Жолдаудың басты мақсаты - халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.

Қала активінің отырысында қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым мен қоғамдық ұйымдар өкілдері Жолдаудағы алға қойылған міндеттер туралы айтты және бағдарламалық құжаттың негізгі қағидаларын жүзеге асырудағы өздерінің пікірлерін білдірді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика