+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
10.09.2019 в 10:10

«Денсаулық фестивалі» Шымкент тұрғындарын салауатты өмір салтын сақтауға шақырады

Бүгін Шымкент қаласында дәстүрлі «Денсаулық фестивалі – 2019» акциясы өтті. Халықты салауатты өмір салтын сақтауға шақырған шара «Денсаулық сандарына жет» ұранымен бастау алып, жиналғандар жаппай таңғы жаттығу жасады.

«Денсаулық фестивалі» Шымкент тұрғындарын салауатты өмір салтын сақтауға шақырады

Екі мыңға жуық қала тұрғындары білікті дәрігерлер қабылдауында болып, тегін медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік алды.

Денсаулық фестиваліне қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов медициналық қалашықтағы дәрігерлердің жұмысын бақылып, денсаулық сақшыларының жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, әкім барша қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Бұдан бөлек, қала басшысы мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында ашылған «Медикер» клиникасының жұмысымен танысты. Жаңа клиника медициналық қызметтердің жоғары сапалығымен белгілі Қазақстандағы жекеменшік медициналық орталықтардың ең үлкен желісі болып табылатын 22-ші мекемесі.  «МЕДИКЕР 4K» денсаулықты тиімді басқаруға бағытталған, диагностикалық және емдік қызметтер кешенін қамтиды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика