+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
17.10.2019 в 18:34

Шымкент әкімі: «Білім саласындағы цифрландыруға ерекше мән бергеніміз абзал»

Бүгін Шымкентте «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде орта білім беру саласын цифрландыру жұмыстары бойынша қала әкімі Ерлан Айтахановтың қатысуымен мәжіліс өтті.

Шымкент әкімі: «Білім саласындағы цифрландыруға ерекше мән бергеніміз абзал»

Жиынға «Инновациялық Интелектуалдық Технология Академиясы» ЖШС-нің бас директоры Н.Құдайберген мен қаладағы бірқатар мектептердің директорлары және ұстаздар қауымы қатысты.

Цифрландыру бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе екендігін жеткізген шаһар басшысы заман талабынан қалмау керектігін баса айтты.

«Бүгінде әлем өте қарқынды дамуда. Сол себептен де біз көш қалып кетпеуіміз қажет. Білім саласындағы цифрландыруға ерекше мән бергеніміз абзал. Себебі, мұғалімдер есеп берумен емес оқушыларға тәрбие, білім берумен айналысуы керек. Цифрландырудың нәтижесінде ұстаздар өз уақыттарын үнемдеп, пайдалы іспен айналысатынына сенімім мол», — деді Ерлан Қуанышұлы.

Сондай-ақ, мәжілісте сөз алған «Инновациялық Интелектуалдық Технология Академиясы» ЖШС-нің бас директоры Нұралы Құдайберген аталмыш сала бойынша өз жобасын таныстырды.

Өз баяндамасында Н.Құдайберген мектептерде жасанды интеллектуалды кабинеттер ашып, IT саласының инженерлерін дайындау керектігін айтты.

Жиын қорытындысы бойынша қала әкімі Е.Айтаханов тиісті басқарма басшылары мен мамандарға аталмыш саланы жүйелендіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика