+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
18.10.2019 в 17:38

Қызылордалық кәсіпкер отбасылық бизнесін қайта жандандырды

Қызылордалық жас кәсіпкер Назым Анарбекқызы  «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіппен айналысуды қолға алды. Ол «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында білімін жетілдіріп, әкесі Анарбек Күнтуаровтың тоқтап қалған кәсібін жандандыра бастады.

Қызылордалық кәсіпкер отбасылық бизнесін қайта жандандырды

Осыдан 7 жыл бұрын жаяу жүргіншілер жолына арналған тас төсеуіштерді (брусчатка) құюмен айналысқан кәсіп иесінің белгілі бір себептерге байланысты өнімдері шығарылмай қалған болатын. Осы орайда оның қызы Назым Анарбекқызы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мамандарының кеңесіне құлақ асып, кәсіппен айналысудың қыр-сырын үйренеді. Кәсіпкерлер палатасының мамандары жобаны әзірлеу бойынша бизнес-жоспар жасауға көмек берді.  Одан әрі дайын жобаны жүзеге асыру үшін «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан 10 млн.теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, кәсібін бастап кетті.

Күнтуаровтар отбасы бүгінде жол төсемесінің 6 түрін әзірлейді. Оған қоса сұранысқа ие жаңа түрлерін де дайындау үстінде. Қарамағында 5 жұмысшы бар. Жұмысшылар цементті барынша араластырып, қажетті түстерге бояйды. Содан кейін түрлі пішіндердегі қалыптарға құйып, арнайы аппаратпен тығыздайды. Бұл жұмыстың барлығы тапсырыс берушінің қалауы бойынша жасалады. Одан басқа өндіріс орнында жұмысшылар газоблок құюмен де айналысады. Шағын өндірісте тапсырысқа байланысты күніне 50 шаршы метр тас төсеуіш немесе 250 дана газоблок шығарылады. Бағасы да қолжетімді. Өнімнің 1 шаршы метрі 1700 теңгеден басталады.

Анарбек Күнтуаров бұл кәсіпті қызының өтінішімен қайта жандандырғанын айтады.

«Бастапқыда жұмысты үйде жасадық. Дегенмен, үйде жұмыс істеу ыңғайсыз болды. Сол себептен, өнімділікті арттыру үшін басқа жерден арнайы бокс салдық. Оған қоса тапсырыстарды тұтынушыларға жеткізіп беру үшін жүк көлігін сатып алдық. Осылайша қызымның ықпалымен мемлекеттік бағдарлама көмегінің арқасында кәсібімізді қайта қолға алдық», — дейді Анарбек Күнтуаров.

Биыл «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жалпы құны 1 млрд. 576 млн. 400 мың теңгені құрайтын 397 жоба қаржыландырылғанын айта кету керек. Жеңілдетілген несие кәсіпкерлерге немесе кәсібін бастаймын деген жандарға 6-10 % бойынша берілуде.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика