+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
19.10.2019 в 17:47

Қызылордада жас кәсіпкерлер қатары артып келеді

Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен кәсіп ашқан жастар көбеюде. Атап айтқанда, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының көмегімен кәсіпкер атанғандар күн санап артып келеді. Осы орайда «Еңбек» бағдарламасының бірнеше бағыты бойынша Қызылорда облысында 1,5 жылдан бері жетекшілік жасап келе жатқан маман  Фархад Абжаппаров мемлекеттік жобалардың тиімді тұстарымен бөлісті.

Қызылордада жас кәсіпкерлер қатары артып келеді

«Кейінгі кезде «Бастау бизнес» жобасына деген сұраныс артып, кәсіп ашуға ниеттілердің саны артты. Салыстырмалы түрде қарасақ, бизнес жасауға ниет бұрушы жастар қатары жыл санап өсуде. Өткен жылғы көрсеткіш бойынша облыстағы жас кәсіпкерлер саны 39%-ды құраса, бүгінде 42%-ға дейін жоғарылады. Сонымен қатар, биылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған «Жас кәсіпкер» жобасы іске қосылды. Облысымызда осы жоба аясында 1100-дей жас өз білімдерін жетілдіріп, кәсіпкерлік негіздерін үйреніп шықты. Қазірдің өзінде 50%-дан астамы мемлекет тарапынан көмектерін алып, қалаған кәсіптерін бастауға аяқ басты. Әр жобаға жанашырлық танытып қараған соң, оның жүзеге асып кетуіне де мән беріп отырамыз. Кәсіпке ықыласы зор азаматтардың талпынысы көзінен-ақ көрініп тұрады. Өйткені, осы уақытқа дейін 4000-нан астам жерлесіміз өз жобаларын сәтті қорғап шықты. Алдағы уақытта бұл жобалар мен жұмыстар өз жалғасын табатын болады», — дейді маман.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы халықты ыңғайлы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында жүзеге асырылып келеді. Бұл бағдарламаның мүмкіндігімен еліміздің әр түкпірінде кәсіппен шұғылдануды қолға алған кәсіпкерлер санының көбейіп жатқанын айта кету керек.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика