+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
09.10.2019 в 14:43

Қызылордалық ұстаздар ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталды

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай тіл жанашырлары мен бірқатар ұстаздарға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттарын табыстады.

Қызылордалық ұстаздар ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталды

Биыл «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына 30 жыл толып отыр.

Облыс әкімі Мемлекет басшысының алғыс хатымен марапатталып отырған барша тіл жанашырларын, ұстаздарды құттықтап жылы лебізін жеткізді.

«Ежелден Алаштың анасы атанған біздің өңірде тілге деген оң қөзқарас, шынайы сүйіспеншілік қалыптасқан. Бұл бағыттағы жасалып жатқан жұмыстарда өңіріміздегі тіл жанашырларының алар орны ерекше», — деді аймақ басшысы.

«Тіл туралы» Заңның қабылданғанына 30 жыл толуына орай мемлекеттік тілдің мерейін өсіріп, қолдану аясын кеңейтуге қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жеңіс Сәдуақасұлы, «Тіл мерейі» газетінің редакторы, республикалық «Айқын» және «Қазақстан дәуірі» газеттерінің меншікті тілшісі Миуа Байназарова, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының бөлім басшысы Әсел Бақытова, № 2 «Мұрагер» мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлбану Тебегенова, Жалағаш аудандық жастар ресурстар орталығының бөлім басшысы, «Таза тіл» еріктілер тобының белсенді мүшесі Нарбота Сералы мен аудан мен қала мектептерінің бірқатар ұстаздары да марапатталды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика