+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
01.10.2019 в 17:22

Қызылордада «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыссыздар үшін оқу курстары өтеді

Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын іске асыру аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарын үйлестіруде.

Қызылордада «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыссыздар үшін оқу курстары өтеді

Осы орайда, өңірдегі жұмыссыз азаматтар мен азаматшаларды оқу өндірістік орындары - тәрбиешінің көмекшісі мен жалюз құрастырушы мамандықтарын - 2 ай, маникюр-педикюр шебері мен визажист мамандықтарын – 1 ай мерзімге шәкіртақы бере отырып оқытады.  Олардың одан әрі қаржылай гранттар алуға, тұрақты жұмыспен қамтылыуына мүмкіндіктері болады.

Оқу курстарына қызығушылық танытқан және қосымша ақпарат алғысы келетін қала тұрғындары Қ.Қазантаев көшесі, №43 ғимаратта орналасқан қалалық жұмыспен қамту орталығына жолығуға немесе жұмыс күндері күнделікті + 7 (7242) 270306, 26-36-91 телефондарына хабарласа алады.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктілікті меңгерудің тиімді жүйесін, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағдарланған.

Бағдарламаның бірінші бағыт бойыншанегізгі ерекшелігі -азаматтардың өздігінен жұмысқа орналасуына және өз ісін ашуына барынша  мүмкіндік жасау барысында талап етілген мамандықтар бойынша жаппай оқытуды ұйымдастыру.

Осыған байланысты,жаңа Бағдарламаның алғашқы негізгі бағыты оқытуды ұйымдастыру болып табылады. Осы бағыт аясында азаматтарға бірінші және екінші мамандықты тегін алу мүмкіндігі ұсынылады.

Қалаларда және ауылдарда жаңа Бағдарламаның екінші бағытының ерекшелігі жаппай кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау және ынталандыру.

Осындай жағдайда, ауылдағы басты міндет – өздігінен жұмыспен қамтылған мен жұмыссыз азаматтар үшін шағын несие алу үшін қолжетімділіктің қамтылуы, ол өз ісін ашуға және ұлғайтуға, кооперативтер ашуға немесе қажетті кәсіпкерлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика