+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
08.10.2019 в 15:14

Алматыда барлық аулаға жарық диодты шамдар орнатылады

Алматы қаласы әкімі болып келе салысымен әр аудан тұрғындарымен кездесу өткізген Бақытжан Сағынтаев көптеген мәселелерді өз қолына алды. Әкім 16 шілдеде өткен көшелерді жарықтандыру бойынша арнайы жиналыста қалада аулалардың 52% және 26% көшелер жарықтандырылмағанын айтып өткен болатын. Бүгінде осы мәселе бойынша нәтиже шығарылып, Алматыдағы барлық аулаға энергия жинақтаушы жарық диодты шамдар орнатылады. Бұл туралы қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдылық басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты.

Алматыда барлық аулаға жарық диодты шамдар орнатылады

Жауаптылардың сөзінше, ол электр энергиясын 15 пайызға үнемдеуге септігін тигізеді. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес, қазір Алматының 120 көшесіне жарық берілді, ал жыл аяғына дейін 208 көшеге жарық шамдарын орнату жоспарланған.

Негізінен жарық желілері Бостандық, Жетісу, Түрксіб, Алатау аудандарындағы бұрын жарығы болмаған көшелерге тартылады. Бұл қаланың қараңғы көшелерінің 30% жарықтандыруға мүмкіндік береді.

«Ең өзекті мәселелер - көше бағдаршамдары, су желілері, газ желілері, иесіз қалған желілердің каналдық жүйеге өткізу. Осы уақытта 208 көшеге бойынша конкурстық процедураға байланысты тамыз айында келісім шартқа қол қойылды. Бұл бізде Медеу, Түрксіб, Бостандық, Алатау, Алмалы және Наурызбай аудандары бар. Бұл бағытта қазіргі таңда көше бағдаршам ілетін, кабельдік желелер енгізу бойынша  бітірілді. Қазір бағдаршам күтіп отырмыз. Қазанның 15-не дейін аяқтау жоспарда бар», — деді Алматы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев.

Мегаполисте 217 көшені жартылай жарықтандыру шаралары қолға алынды. Көшелерді қажетті жарық көздерімен толық қамтамасыз ету келесі жылға да жоспарланған. Айта кетерлігі, барлық аулаларға энергия жинақтаушы жарық диодты шамдар орнатылады, бұлар бұрынғыларға қарағанда электр энергиясын 15%-ға үнемдейді.

Энергия жинақтаушы жарық диодты электр шамдары орнатылған аулалардың бірі - міне, мынау. Мүнда 1 емес, 8 бірдей шам орнатылған. Бұрындары, түрғындар кешкі уақытта серуендеуге қорқатынбыз дейтін болса, қазір олардың бала-шағасымен емін-еркін қыдыруына толық мүмкіндік жасалған.

«Біздің балаларға ыңғайлы болсын деп осындай жағдай туғызып отыр. Шамдар өте ыңғайлы болды. Балалармен кешке шыққанда қандай керемет. Бала-шаңаның ұауіпсіздігі біз үшін басты нәрсе», — деді тұрғындардың бірі.

«Жарық шамдары қойылғалы бері, ауламыз өте жақсы болды. Балалар 22-23-00-ге дейін ойнайды. Уайымдамаймыз, бәрі жақсы», — дейді келесі бірі.

Алматыда қазір жарығы жоқ 1073 көше бар. Қаланың шет аймақтарындағы 744 көшені жарықтандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. Жоба 2020-2021 жылдары іске асады. Мына суреттерден қала көшелерінің жарық орнатылмағандағы күйі анық көрініп тұр. Қараңғы, қауіпті көрінетін аймақтар жарық шамдарымен көріктене түсті. Биыл 208 көшені жарықтандыру осы айдың ортасына қарай бітсе, тағы 1000-ға жуық ұсақ көшелерге келесі жылдың аяғына дейін шам қосылмақ. 

«2014 жылы шеткі аудандарымызға үлкен аумақтағы елдімекендер қосылды. Бұл Түрксіб, Алатау, Жетісу, Наурызбай аудандары. Және қосымша тау бөктерінен Бостандық, Медеу аудандары бойынша солар қосылды. Осылар бойынша 208 көше осы аумақтарда. Бұдан бөлек, Бақытжан Әбдірұлының тапсырмасына сәйкес, мүлдем жарық жоқ 1000 ұсақ көше,  887 аула бар, келесі жылдың аяғына дейін соларды жарықтандыру мақсатымызда бар», — деді Алматы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев.

Еске салайық, 16 шілдеде өткен көшелерді жарықтандыру бойынша арнайы жиналыста Бақытжан Сағынтаев қалада аулалардың 52% және 26% көшелер жарықтандырылмағанын айтып өткен болатын. Осы ретте әкімнің тапсырмасы бойынша жұмыстың басымдықтарын өзгертіп, барлық қаражатты бұрын ешқашан жарықтандырылмағын көшелер мен аулаларға бағыттады. Бұл жұмыстар «Жаңа Алматы» даму принципіне сәйкес жасалуда.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика