воскресенье, 5 мая 2024 г.
icon
441.66
icon
475.14
icon
4.86
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Қысқы Олимпиададағы Қытай құрамасында үш этникалық қазақ бар

Қысқы Олимпиадада Қытай құрамасы атынан сынға түсіп жатқан спортшылар арасында 3 этникалық қазақ бар, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Қазір есімдері әлеуметтік желілерде жарияланып, осы тақырып кеңінен талқыланып жатыр.

Атап айтқанда, конькиші Ақнар Ардақ Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде дүниеге келген. 2016 жылы Қытайдың құрамасына шақырту алды. 23 жастағы Ақнар олимпиадада 3 қашықтық бойынша сынға түседі.

Одан кейінгі тағы бір қандасымыз — шаңғышы Баян Жалын. Ол 1999 жылы Шыңжаңдағы Іле Қазақ автономиялық облысының тумасы. Ол осы уақытқа дейін Қытайдың ішкі біріншіліктерінде үнемі топ жарып жүр.

Қытай құрамасындағы тағы бір шаңғышы қазақ Қадыс Беделхан. Ол да 1999 жылы Шыңжаңдағы Санжы дүнген автономиялы облысындағы туған. Қадыс Қытай құрама сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетеді.

Қалай болғанда да өзімізің спортшыларға және көрші елдегі қандастарымызға да сәттілік тілейміз.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0