Өзбекстанның Сухандария облысына қарасты Термез ауданында өткен халықаралық турнирге 6 көкпар командасы қатысты, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі.
23-24 наурыз күндері өткен дүбірлі додада ел құрамасы ерекше ойын көрсетті. Спортшыларымыз турнир жеңімпазы атанып, бас жүлдеге тігілген 200 млн сомды (8,6 млн теңге) қанжығаларына байлады.
Финалдық ойында Өзбекстан құрамасымен ойнаған жерлестеріміз 6:0 есебімен алаң иелерін ойсырата ұтты.
Халықаралық сайысқа Өзбекстанның өзінен 4 команда қатысты.
2019 жылы Өзбекстан Көкпардан Әлем чемпионатын өткізуді жоспарлаған болатын. Алайда коронавирус індетіне байланысты бұл чемпионат кейінге шегерілген.
Дегенмен, қазіргі таңда эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына қарамастан Өзбекстан тарапы бұл чемпионатты өткізу-өткізбеу туралы нақты шешімін айтқан жоқ.
Ал ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының 2022 жылғы күнтізбелік жоспарында қыркүйек айында ересектер арасында ІІ Әлем чемпионатын өткізу жоспарда бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram