суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-6oC
×

Қазақ жігіті Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті

Си Цзиньпинмен кездескеннен кейін Руслан Синьхуа агенттігінің тілшісіне: «Си төраға менімен сөйлеседі деп күткен жоқпын. Мен үшін бұл - үлкен құрмет» деді.

Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Қытай төрағасы Си Цзиньпин жақында Хайнаньдағы Янпу экономикалық даму аймағында болды. Осы кезеңде Си Цзиньпин сол жерде жұмыс істейтін қазақстандық Руслан Төленовпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Си Цзиньпинмен кездескеннен кейін Руслан Синьхуа агенттігінің тілшісіне: «Си төраға менімен сөйлеседі деп күткен жоқпын. Мен үшін бұл - үлкен құрмет» деді.

Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Си Цзиньпин 2013 жылы Қазақстанға ресми сапары кезінде Руслан жайлы әңгімелеп, сөз сөйлеген. 2009 жылы 17 жасында сол елге жоғары білім алуға келген Руслан жылына екі рет қан беруді әдетке айналдырған. 2013 жылға дейін ол Қытайда өткізген 4 жылында жалпы 5 литр көлемде қан тапсырып үлгерген, ал қаны теріс резус-факторлы (Rh) қытайлықтардың саны - небәрі 1-3%.

Руслан осындай сирек кездесетін қан доноры болғандықтан кез келген уақытта көмек беретінін айтып, әлеуметтік желілерде және қан орталықтарына телефон нөмірін қалдырып отырған.

ҚХР төрағасы ол жайлы естіп, Қазақстанға ресми сапарында Руслан оқиғасын қазақ-қытай достығының символына айналдырды. Бұл тәжірибе Русланға үлкен сый-құрмет әкелді. Көптеген қытайлықтар Русланды «Пандаман» деп атап кетті. Себебі оның қан тобы - Қытайдың ұлттық қазынасы панда сияқты сирек және бағалы.

Руслан Қытайдағы оқуын аяқтағаннан кейін Хайнанда қалып, жұмыс істеуді жөн көрді. Көптеген шет тілдерін меңгерген Руслан 2019 жылы Хайнан халықаралық экономикалық даму бюросының жаһандық баспасөз қызметкері болды.

Ол негізінен жаһандық саудагерлермен байланыс орнатуға және Хайнань еркін сауда портын әлемге танытуға жауапты. 2020 жылы Хайнаньда коронавирустың әсерінен қан тапсыру көлемі айтарлықтай қысқарды.

Сирек кездесетін қан тобына мұқтаж жандарға көмектесу үшін Руслан сол жылы тағы да 400 мл тегін қан тапсырған. «Хайнан - қазір менің екінші мекенім, мен Хайнанның дамуына үлес қосамын деп үміттенемін», - деді ол Синьхуа агенттігіне берген сұхбатында.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: