Торғын аурудан өмірдің мәнін тапқан жазушының бірі: отбасылы болды, радиода авторлық хабарын жүргізді, Facebook пен медиа арқылы елге танылды, деп хабарлайды Аikyn.kz.
Жазушы Торғын Жолдасбекқызы 37 жасында өмірден озды. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Дәурен Дариябек хабарлады.
Жазушы «Араша» және «Кеш қалма» кітаптарын жазған. Оның жүзге жуық шағын әңгімелері түрлі басылымдарда жарыққа шыққан.
Соңғы шығармалары жазушының өмір жолындағы естеліктері мен әлеуметтік тақырыптарды қамтиды.
Торғын Жолдасбекқызының артында кәмелет жасына толмаған қызы қалды.