пятница, 3 февраля, 2023
icon
459.92
icon
505.77
icon
6.57
Алматы:
icon
3oC
Астана:
icon
-18oC
Подпишитесь на нас:
Общество Редактор
5 июня, 2022, 13:36

Тағы бір сарбаз «өзіне-өзі қол салды»: Ол кеше ғана туған ағасынан ақша сұраған

Бүгін таңғы сағат 5 шамасында Маңғыстау облысы, Бейнеу шекара қызметінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген 2003 жылы өмірге келген Тешебаев Еділ Бақытұлы өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды nege.kz.

Тағы бір сарбаз «өзіне-өзі қол салды»: Ол кеше ғана туған ағасынан ақша сұраған

Фото: ғаламтордан

Әскери бөлімдегілер марқұмның Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында тұратын отбасына екі түрлі хабар айтқан. Алғашында «аяқ киімінің бауына асылып қалған» десе, кейін «белбеуіне асылып қалған» деген. Мұнымен қоса әскери бөлім тарапынан «марқұм жазып кеткен» деп түрлі жазба хат жіберіліп жатыр екен. Жазбаларда көрсетілген уақыт дұрыс көрсетілмеген. Ал туыстарының айтуынша, жазу да марқұмға тиесілі емес көрінеді.

Nege.kz тілшісі өзіне қол салған сазбаздың туған ағасы Нұржаусын Тешебайға хабарласып, мән-жайды анықтап көрді.

– Туған інім еді. Мен ең үлкен ағасымын. Бізге жіберген қоштасу хатындағы жазу оныкі емес. Біз оның қолтаңбасын білеміз ғой.

– Ініңізге қысым көрсеткен бе? Әскери бөлімшедегілер не дейді?

– Кеше түнде қайтыс болардың алдында хабарласып, ақша сұраған. Сосын Нұрсұлтан деген жігітке ақша аудардық. Негізі қысым болған ғой. Әйтпесе үйге қайтуына 2 ай ғана қалып еді. Ол өлем деген бала емес еді.

– Онда хатты басқа біреу жазса жеңгесі, бауырының атын қайдан біледі?

– Бір жылдай болды ғой. Жанындағылар оның кіммен сөйлесіп жүргенін естиді ғой. Кейде менімен видео қоңыраумен сөйлеседі. «Нұржау деген ағам бар» деп айтады ғой. «Перизат жеңгем қалай? Есіл інім не істеп жүр?» деп сұрайды. Жаныңыздағы құрбыңыздың да үйіндегілерін білесіз, сол сияқты ғой бұл да. Інімнің дәл бұлай кетіп қалуы мүмкін емес.

– Ініңіз қандай жігіт еді?

– Бойы кішкентай, арық еді. Өте көңілді жүретін. Орысша айтқанда «шустрый» болатын. Оңайлықпен беріле қоймайтын қайсар мінезді жігіт. Таяқтан да қорықпайтын. Інімнің қандай екенін мен білемін. Өзім тәрбиеледім. Жаны тәтті бала болатын.

Ол әскерге өз еркімен кетті. Өзі құжат жинап, өткізіп жүрді. Оны әскерге кетіп бара жатқан кезде де ұрған. «Әскерге барасың ба?!» деп те ұрып, сынап көрген. Бұл сонда да қайтпай, «барамын» деп тұрып алған. Сол кезде бастаған ғой. Оны өлтіріп қойып, енді атынан хат жазып, сондай саясатқа барып отыр. Қазір ұшақпен жолға шығайын деп жатырмыз. Үлкен апамыз естіп, халі жаман болып жатыр. Бір ағамыз ауруханаға түсті. Әке-шешем қатты күйзелді.

– Еділ жиі хабарласып тұратын ба еді?

– Иә, жиі сөйлесіп тұрдық. Соңғы кезде ғана маған хабарласпай қойды. Сосын күні кеше оған дауыс арқылы хабарлама жібердім. «Інім, сені сағындық. Сен бізге керексің. Сені жақсы көреміз! Хабарлассаңшы..» дегем. Сосын ақша сұрап хабарласты. Оның алдында 5 мың теңге сұраған, оны таба алмадық. Біреу тақымға алып, қысқан сияқты. Бізге сіздерден көмек керек! Президент те: «Осыдан тағы бір әскер қайтыс болса, бұл іске өзім кірісемін» деп еді. Біздің отбасымызға халық болып, ел болып шындықтың ашылуына қолұшын берсеңіздер екен.

Что думаете об этом?
Подпишитесь на нас:


Эксклюзив
Интервью и мнения