пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Шымкент әкімінің ағасы Марат Әйтеновтің әйелі күйеуінің 9 жыл бойы қол жұмсап, көзіне шөп салғанын айтты

«Самырұқ Қазына» компаниясының экс-директоры, Шымкенттің әкімінің ағасының әйелі Дана Әтешова бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновтің өзін 9 жыл бойы ұрып-соғып, кейін әйелді үш баласымен қалдырып, мүлкінен де айырғанын айтып берді. Ол Instagram парақшасында Шымкент қаласының әкімінен ағасына ықпал етуді сұрайды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ол бұрынғы күйеуінің өзін тоғыз жыл бойы ұрып-соғып, ажырасқаннан кейін бар мүлкін тартып алып, үш баласымен далада қалдырғанын айтады.

«Тоғыз жыл бойы аяусыз таяқтың астына алғанда бірде-бір мәрте бетіне қарсы келген емеспін. Көгерген жерлерімді ешкімге көрсетпедім. Ешқайда арызданбадым. Отбасым үшін бәріне көндім», — дейді Әтешова.

Әйелдің барлығын ашық айтуға бел байлауына күйеуінің үн-түнсіз ажырасып кеткені себеп болыпты. Жұбайының бар мәселені ың-шыңсыз шешуіне оның заңгерлік білімі мен тамыр-таныстары септігін тигізгенге ұқсайды.

«Бұрынғы күйеуім арамызға балаларымды салып, маған қысым көрсете бастады. Оларды алып кетіп, белгіленген мерзімде қайтармайтынды шығарды. Содан кейін ел арасында балаларымның менімен бір үйде тұрғысы келмейтіні жайлы өсек тарата бастады. Енді көршілерге барып екеуміздің ұрсысып жатқанымыз түсірілген бейнежазбаны көрсетуді бастапты. Ол маған қол көтеріп, соны телефонға түсіріп алған. Сол әрекетінен бір ай бұрын мені биіктігі үш метр сатыдан итеріп жіберіп, артынша итше тепкілегені және бар. Содан мен бір ай бойы жүре алмай қалдым», — делінген әйелдің жазбасында.

Әтешова содан кейін Мараттың өзін балаларымен Түркияға демалысқа жібергенін айтады. Өзі елде қалған Әйтенов, бұрынғы жұбайының сөзіне қарағанда, бостандықты үшінші рет үйлену үшін пайдаланғанға ұқсайды.

«Ол бізден жасырынып үшінші рет үйленгеннен кейін есіктің кілтін ауыстырып, балаларымды далада қалдырып, өзі бал айын өткізу үшін шетелге ұшып кетті», — дейді Дана Әтешова.

Содан кейін келіншек бұрынғы күйеуінің мал-мүлкін санап шығып, соншама байлыққа ие адамның туған балаларына көмектескісі келмейтінін айтты. Солай бола тұра, үш баласы үшін 120 мың теңге алимент алатынын атап өткен Әтешова бұл соманың аз екенін алға тартты.

Что думаете об этом?
Нравится 4
Мне все равно 7
Забавно 36
Сочувствую 34
Возмутительно 1